Қазақ тілі пәні бойынша тест тапсырмалары

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Тесты
Автор:

Қазақ тілі пәні бойынша

тест тапсырмалары

 

1.Сөз тіркесін табыңыз.

A. Кітап-білім бұлағы

B. Жауынды жаз өтті

С. Өзің нешедесің?

D. Егіс даласы

E. Жаңбыр жауды

2.Зат есімнің жалқы есім түрін табыңыз.

А. Әке-шеше

В. Аспан әлемі

С. Еңбекші халық

D. Қарағанды

Е. Ата-ана

3.Зат есімнің жалпы есім түрін табыңыз.

А. Нұра өзеңі

В. Қазақстан Республикасы

С. Ердің сыншысы – елі

D. Тарбағатай өңірі

Е. Ертіс маңы

4.Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз.

А. Ыразы

В. Разы

С. Риза

D. Ыриза

Е. Ырыза

5.Қате жазылған сөзді табыңыз

А. Құлын

В. Доп ойнау

С. Бара алмады

D. Өзенге

Е. Жібек

6.Антоним сөздерді табыңыз.

А. Жез құман

В. Тез киіну

С. Ілгері, кейін жүру

D. Ыстық ықылас

Е. Қызыл, жасыл,көк

7.Ашық буынды сөзді табыңыз.

А. Зор, көл

В. Ұт, ұқ

С. Тос, төр

D. Аға, босаға

Е. Тас, тос

8.Орыс тілінен кірген сөздерде ғана қолданылатын дауысты дыбыс?

А. Ә

В. И

С. У

D. Э

Е. Е

9.Қай сөзге дефис қойылу керек?

А. 9 сынып

В. 1998 жыл

С. 80 метр

D. 200 процент

Е. 30 тенге

10.Қазақ тілінің дыбыстық ерекшілігіне тән дауысты дыбыс нешеу?

А. 4

В. 5

С. 6

D. 7

Е. 3

11.Қай сөз бөлек жазылады?

А. Пәле-қорлық

В. Қызыл-іңір

С. Тамылжыту

D. Тамақ-саулану

Е. Көркем өнерпаздық

12.Фонетика нені зерттейді?

А. Тіл дыбыстарының жүйесін

В. Сөз тіркесінің байланысу тәсілін

С. Сөз мағыналарын

D. Сөз құрамын

Е. Тіл дыбыстарының айтылу нормасын

13.Әріп дегеніміз не?

А. Сөздің дұрыс айтылуы

В. Сөздің дұрыс жазылуы

С. Дыбысты жазудағы таңба

D. Жазу таңбалары мен дыбысты айқындауыш

Е. Дыбыстардың белгілі тәртіпке салынған жинағы

14.Тәуелді жалғаулы сөзді табыңыз.

А. Ауылдың адамы

В. Қалаға бару

С. Бүлдірген теру

D. Адамды құрметтеу

Е. Жауап беру

 

15.Айтылу бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.

А. Тұрсынкүл

В. Жұмысшы

С. Қара ат

D. Жаздыгүні

Е. Сары дала

16.Айтылу бойынша жазылатын біріккен сөзді табыңыз.

А. Әлдекім

В. Құрманбек

С. Қонысбек

D. Ендігәрі

Е. Айтбай

17.Естілу бойынша жазылатын сөзді табыңыз.

А. Диалог

В. Өзенге кел

С. Қыстыгүні

D. Жаз сайын

Е. Күндіз

18.Тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз

А. Орын

В. Бұлбұл

С. Тапсырма

D. Оқушы

Е. Сіздер

19.Тасымалдауға болатын сөзді табыңыз.

А. Тарс

В. Төрт

С. Басты

D. Бұлт

Е. Қант

20.Бөлшекті сан есімді табыңыз.

А. Үшеусіз

В. Үштен бірі

С. Бірлік

D. Жүздік

Е. Ондарда

21.Ашық дауысты дыбысты табыңыз.

А. Ұзын

В. Құлын

С. Әшекей

D. Тұнық

Е. Тіркесу

22.Тек жіңішке буындардан тұратын сөзді табыңыз.

А. Ауыл

В. Жолаушы

С. Қыздар

D. Өндіріс

Е. Жалқау

23.Жуан буынды сөзді табыңыз.

А. Шағала

в. Көбелек

С. Еңбек

D. Өсімдік

Е. Өндіріс

24.Бітеу буынды сөзді табыңыз.

А. Дүлдүл

В. Оқушы

С. Арша

D. Жазушы

Е. Кітапхана

25.Төрт буыннан тұратын сөзді табыңыз.

А. Төзімді

В. Саңырауқұлақ

С. Шаруашылық

D. Жақсылық

Е. Орта

26.Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз.

А. Мәл-ім-де-ме

В. Мә-лі-мде-ме

С. Мә-лім-де-ме

D. Мә-лі-м-де-ме

Е. Мә-лім-дем-е

27.Ашық буынды табыңыз

А. Ал

В. Қа

С. Қас

D. Ат

Е. Ет

28.Тұйық буынды табыңыз.

А. Тарс

В. Ет

С. Жаз

D. А

Е. Ө

29.Бітеу буынды табыңыз.

А. Ақ

В. Әк

С. Сәл

D. Мә

Е. Жә

30.Тек бітеу буыннан тұратын сөз қайсы?

А. Көркемде

В. Бөлме

С. Белгімен

D. Бөрткен

Е. Балталы

31.Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.

А. у, м, н, л, ң

В. і, й, ә, ү, р

С. б, в, з, ж, ғ

D. а, о, ұ, ы

Е. ә, е, і, ө

32.Дауысты дыбыстарды табыңыз.

А. б, ж, с, р, ғ

В. х, һ, ч, к, г

С. ц, ш, к, и, д

D. а, ә, о, у, е

Е. б, в, г, ғ

33.Ашық дауыстарды табыңыз.

А. і, ә, ү, ұ, у

В. о, ө, а, ә

С. а, ә, о, ө, е

D. р, л, м, н, й

Е. ы, і, ө, ү

34.Еріндік дауыстарды табыңыз.

А. с, т, п, р, ж

В. қ, ш, ғ, д, г

С. о, ө, ү, ұ

D. і, а, ы, ә, е

Е. а, б, в, г

35.Жуан дауысты дыбыс қалай жасалады?

А. Жақтың катысына қарай

В. Тілдің қатысына қарай

С. Еріннің қатысына қарай

D. Өкпелеп шыққан ауаның қатысына қарай

Е. Үн мен салдырдың қатысына қарай

36.Тілімізде қанша дауыссыз дыбыс бар?

А. 19

В. 12

С. 21

D. 26

Е. 27

37.Қай дыбыс сөздің соңында келмейді?

А. Ы

В. О

С. А

D. Е

Е. І

38.Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?

А. Езудің катысына қарай

В. Ауаның кедергіге ұшырап шығуынан

С. Үн мен салдырдың қатысынан жасалады

D. Үн арқылы жасаланады

Е. Ауа кедергіге ұшырамай жасалады

39.Қатаң дауыссыздарды табыңыз.

А. з, ь, к, қ, л, м, н

В. а, о, н, і, ә, ү

С. п, ф, қ, т, с

D. й, у, и, э, ю, я

Е. б, в, г, д

40.Үнді дауыссыздарды табыңыз.

А. з, к, қ, л, м, н

В. а, о, ы, і, ә, у

С. п, ф, к, қ, т, с, ш

D. р, л, м, ң, й, у

Е. д, ғ, б, в

41.Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

А. Сөз, сөз аралығындағы алғашқы дыбыстың соңғыға әсері

В. Сөз, сөз аралығындағы алғашқы дыбыстың алдыңғыға әсері

С. Көршілес дауыссыз дыбыстардың біріне ұқсата әсер етуі

D. Сөз, сөз қосымшаларындағы дауыстылардың біріңғай келуі

Е. Сөздегі бір буынның көтеріңкі айтылуы

42.Ұяң дауыссыз дыбыстар қайсы?

А. й, м, н

В. р, л, у

С. п, ф, к

D. ш, щ, х

Е. ж, һ, з

43.Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

А. Қалалық

В. Әсемпаз

С. Білімді

D. Кілтті

Е. Дұрыс

44.Қосымшаның қайсысы дұрыс жалғанып тұрғанын табыңыз.

А. Адамдыкі

В. Адамдықы

С. Адамтікі

D. Адамдікі

Е. Адамнікі

45.Омоним сөздерді көрсетіңіз.

А. Арлы бала-әдепті бала

В. Жолдасыңды қадірлей біл

С. Жаз айында әжеңе хат жаз

D. Екеуі асханаға барды

Е. Ас иесімен тәтті

46.Омоним деген не?

А. Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер

В. Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ

С. Сөзге граматикалық мағына үстейтін, сөзбен сөзді байланыстыратын

D. Бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздер

Е. Баяндауыш пен бастауыштың байланысы

47.Омоним болатын сөз қайсы?

А. Ауыз

В. Құлақ

С. Тіл

D. Балшық

Е. Сау

48.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А. Көз, қас, бақ

В. Ол, соған, біз

С. Алыс, қашық, шалғай

D. Оннан бір, екі, бірінші

Е. Кеше, ертең

49.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А. Менен, жетеу,

В. Сөк, түз, көз

С. Әдемі, сұлу, көрікті

D. Сырмақ, шекпен, алаша

Е. Қыс-жаз, күз-көктем

50.Синонимдік қатары толық берілген топты көрсетіңіз.

А. Дөкей, мықты, дөй

В. Епті, икемді, бейімді

С. Еске, көне, баяғы

D. Әдемі, сұлу

Е. Әзілкеш, қуақы, әзілқой

51.Зат есім синонимді табыңыз.

А. Шыдам, сабыр

В. Есепсіз, сансыз

С. Ескі, көне

D. Бойшаң, сұңғақ

Е. Беймаза, мазасыз

52.Қарама-қарсы мағынада тұрған жұпты табыңыз.

А. Әдемі-әдемілеу

В. Ұзын-биік

С. Айдын-айқын

D. Жоғары-төмен

Е. Тамаша-әдемі

53.Тұрақты тіркесті табыңыз.

А. Қала мен ауыл арасы

В. Алты қанат ақ үй

С. Қас пен көздің арасында

D. Көпке тараған ән

Е. Ел арасында

54.Антоним деген не?

А. Тұлғасы, дыбысталуы бір, бірақ мағынасы бір-бірінен алшақ

В. Бір-біріне қарама-қарсы айтылатын сөздер

С. Тұлғасы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер

D. Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын

Е. Бастауыш пен баяндауымтың байланысы

55.Көнерген сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А. Бақшада әңгелектер пісті

В. Ұлпан қызына сәукеле тікті

С. Тікбұрыштарды сызу үшін чертеждік үш бұрыш қолданылады

D. Байқоңыр-ғарыш айлығы

Е. Жолсапарға аттанды

56.Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А. Тыным, тыныштық таппаған

В. Адамның басы көрікті бас

С. Жақсылық пен жаманжық-болды сегіз

D. Бұраң бел, алма майын

Е. Ара гүлге қонды

57.Шылау сөзді табыңыз.

А. Бірақ

В. Маңы

С. Ол

D. Шылп

Е. Сол

58.Ауыспалы мағыналы сөзді көрсетіңіз.

А. Терең су

B. Ойлы адам

С. Жеңіл жүк

D. Сергек адам

Е. Таяз түсінік

59.Мәтелді ажыратыңыз.

А. Тіл-күшті қару

В. Тілі күрмелді

С. От тілді, орақ ауызыды

D. Тілмен орақ орды

Е. Тіл-арың

60.Тура мағыналы сөзді белгілеңіз.

А. Істің көзін табады

В. Әкесінің көзіндей

С. Өз көзімен көрді

D. Көкірегінде көзі бар

 

Е. Көкірегі ояу еді

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 98 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 127

Похожие материалы