Қазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа арналған "Достастыру" атты тақырыпта сабақ жоспары

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Айы, күні, жылы.

Сыныбы. 6

Сабақтың тақырыбы. Достастыру

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне

тән дыбыстарының айтылуы мен жазылуын

қадағалау.

Оқушылардың білім-білік дағдыларын

қалыптастыру.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын

молайту, ой- өрістерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

ІV Жаңа сөздер.

ренжу – обидеться

теріс қарау – отвернуться

мән – жайды білу – разведать обстановку

ұялу – стыдиться

үнсіз – безмолвно

V Дәптермен жұмыс

Сын есім

Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.
Сұрақтары: қандай? қай?

Сын есім құрамына қарай: дара, күрделі

Тұлғасына қарай: негізгі, туынды болып бөлінеді.

2 – тапсырма. Жұптастырыңдар.

Менің дәптерің Біздің достарың

Сенің досыңыз Сендердің балалары

Сіздің бөлмесі Сіздердің дәрігеріміз

Оның кітабым Олардың оқытушыларыңыз

VІ Тақтамен жұмыс

«Достастыру» сөзін септеу және фонетикалық талдау жасау.

VІІ Оқулықпен жұмыс

1 – тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңдар.

Достастыру

Күн демалыс. Айдос, Асхат, Мақсат – үшеуі саяхатқа шықты. Жол бойы Асхат пен Мақсат ренжісіп, бір – біріне сөйлемей, теріс қарап отырды. Қастарына Айдос келді. Екеуінің неге ренжісіп отырған себебін сұрады. Мән – жайды біліп отырған Айдос: - Сен неге достықты саттаң, - деді Мақсатқа. Мақсат ұялып, үнсіз қалды.- Менің ренжігеніме өзі кінәлә, - деді Асхат. Мақсат Асхаттан кешірім сұрады. Айдос екеуіне «достықты сақтаңдар» деді. Достар бір - біріне күлімсірей қарады.

VIII Шығармашылық жұмыс

IX Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

X Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.

XI Үй тапсырмасы

Дос дегеніміз не? (сұхбаттасу).

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.87 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 178

Похожие материалы