Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ: "Менің әуес ісім - ән айту " (7 сынып)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Карбозова Лязат Сагындыковна
|
Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім – ән айту. Дауысты дыбыстар орфоэпиясы.
Сабақтың мақсаты: « Менің әуесім –ән айту» тақырыбы бойынша білімдерін қалыптастыру.Дауысты дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру.
Міндеттері:
-Топтарды қалыптастыру, бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауға үйрету;
- Диалогтық оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру;
- қалай оқу керектігіне және өзін-өзі бағалай алуға үйрету;
- Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, еріндік , езулік дауыстылар туралы білімдерін бекіту.
Қазақстан Республикасының атақты әншілерімен танысып, құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: Сурет, тірек сызба, кесте,тапсырма сұрақтары, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парақшалары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: музыка, орыс тілі
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ –жауап, «миға шабуыл» әдісі, интерактивтік тақтаны пайдалану, шығармашылық, ізденіс,семантикалық картамен жұмыстар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу;
2) Сыныптың сабаққа әзірлігін тексеру;
3) Топқа бөліну: (стикерлерді таратамын сол стикерлердің түсі бойынша 2 топқа бөлінеді)
4) Психологиялық жағымды ахуал туғызу: балалар тілек тілейді.
5) Топ басшысы тағайындалады. Топ басшыларына бағалау парағы тапсырылады. Олар өз топ мүшелерінің жұмысын бағалап отырады.
6) Сабақтың құрылымымен танысады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 316.24 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |