Қазақ тілі пәнінен презентация "Дауыссыз н мен ң" (2 сынып)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Магауина Бакытгуль Кенелкызы
|
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң (1 слайд)
Сабақтың мақсаты:
1. Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру;
2. Дауыссыз дыбыс түрлері жайлы білімдерін дамыту;
3. Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу, сауаттылыққа, шапшаңдыққа баулу.
Түрі: жаңа сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірме қағаздар
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық (2 слайд)
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос!
Міне – менің қолым
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!
ІІ. Өткенді пысықтау: 1. «Мен бастайын сен жалғастыр»
- Дауыссыз дыбыстар.... (үшке бөлінеді: қатаң, ұяң, үнді)
- Сөз соңында «б» естілгенімен ... (п әрпі жазылады мыс: қолғап- қолғабы, жауап- жауаб)
- Кейбір сөздердің соңында «б» әрпі жазылады олар: ....( клуб, штаб, куб, араб)
- «П» дыбысына ақталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе....( п дыбысы б-ға йналады мыс: мектеп- мектебі, қап- қабы)
- Ғ әрпі сөз соңында... ( жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: орақ-орағы, құлақ-құлағы)
- Г әрпі сөз соңында... ( жазылмайды. Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г-ге айналады: мыс: түлік-түлігі, ирек-ирегі)
- Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен ( ы мен і жазылмайды: рақат, лақ)
2. «Шатасқан сызықтар» тапсырмасы. (3 слайд)
Қатаң, ұяң, үнді.
«Ой ашар» (4 слайд)
Дауыссыз дыбыс түрлері:
І -топ – Қатаң дауыссыз дыбыс
ІІ- топ – Ұяң дауыссыз дыбыс
ІІІ- топ – Үнді дауыссыз дыбыс
ІІІ. Жаңа сабақ:
Дауыссыз н мен ң
- Балалар, біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз.
Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң н ң (Артикуляциялық жаттығу)
Н әрпінде – екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу. Н (5 слайд)
Ас біткеннің анасы,
Қасиетті “нан” осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әріпті қарашы. НАН ( 6 слайд)
-Балалар, нан туралы қандай өлеңдер, мақалдар білесіңдер?
“Н” әрпінен “Ң” әрпінің
Айырмасы бар қандай?
Оң аяқтың басына ол
Тұзақ іліп алғандай. Ң (7 слайд)
Ой тұжырымдамасы:
«Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді.
«Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс.
Венн диаграммасы: Н – тіл алды дыбыс.
ң – тіл арты дыбыс (8 слайд)
Ұсақ моторикаға арналған жаттығу. «Әріптерді көрсету»
ІV. Көркем жазу. Н н, ң (9 слайд)
V. Оқулықпен жұмыс: (10 слайд)
Мен-мең
Кен-кең
Шын-шың
Сөздерді салыстыр. Мағыналарының екі түрлі болуы қай дыбыстың әсерінен екенін
айт.
Көзге арналған жаттығуы
VI. Шығармашылық тапсырма: Суреттің аттарын қатесіз жаз. (11 слайд)
Жаңғақ, қоян, елтаңба, күн, қоңырау, шаңғы.
VII. Дидактикалық ойын: «Өз орнымды тап»
«Тосынсый сәті» «Н» мен «ң» әріптері дауласып сыныпқа кіріп келеді.
-Балалар бұлар кімдер?
-Қане қонақтарымызбен амандасайық.
-Әріптер сендер не жайлы дауласып жатырсыңдар?
Әріптер: -Балалар, сендер бізге көмектесесіңдер ме? Өз орнымызды таба алмай әбден шаршадық. АҢ ИНЕ
Әріптер: -Рахмет балалар! Олай болса біз сендерге сергіту сәтін ала келдік. Бірге билейік!
VIII. Сергіту сәті.
IX. «Иә-жоқ» ойыны
- «А» дауысты дыбыс. (иә)
- «Ат» сөзінде екі буын. (жоқ)
- «Ұшақ» сөзі «ү» дыбысынан басталады. (жоқ)
- Дауыссыз дыбыстар буын құрайды. (жоқ)
- Заттың атын білдіретін сөздер кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап береді. (иә)
- Дыбыстар екіге бөлінеді. (иә)
- «Жүгірді» сөзі не істеді? Сұрағына жауап береді. (иә)
- Бүгінгі тақырыбымыздың аты «Дауыссыз н мен ң» (иә)
X. Дәптермен жұмыс: 4 жаттығу орындалады. «Өзара текскеру» (13 слайд)
XI. «Артық болмас білгенің» (14 слайд)
1. Кисе де тонды,
Қатты тоңды.
2. Ел жайлауға қонды,
Малдар қоңды.
3. Айтқаныңнан танба,
Сүйекке таңба салма.
4. Есінен танды,
Жарасың таңды.
5. Таңғалтқан мені,
Беттегі меңі.
6. Әкетпесін сені,
Өзендегі мұз сеңі.
7. Байлықтың кені,
Жеріңнің кеңі.
8. Алуан гүлдер өнді,
Жер құлпырған өңді.
XII. Тақтада жұмыс: «Білімі жүйріктің ойы – ұшқыр» (15 слайд)
Н, ң әріптерінің астын сыз.
Қауын, жауын, жауынгер, сәнқой, көнгіш, сенгіш.
Таңғыш, шаңғы, мәңгілік, әңгелек, үңгір, ертеңгі.
XIII. Жеке жұмыс: 1) Қате жазылған сөзді ата.
Жәңдік, бәтеңке, үңгір шанғышы кең терең
2) Суреттердің аттарын жазу.
XIV. Қорытынды.
Нені білемін?
Н,Ң дауыссыз дыбыс
Не білдім?
Н,Ң үнді дыбыс.
Нені білгім келеді?
Н,Ң дыбысы туралы жұмбақтар, авторлар.
Осы дыбысқа байланысты өлеңдерін.
XV. Үй тапсырмасы.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық!
3- жаттығу, 77 бет
XVI. Бағалау.
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 4.39 Mb |
Количество скачиваний: | 179 |