Қазақ тілі. "Шығыс септік" (3-сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шығыс септік сұрақтарымен, жалғауларымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушылардың шығыс септік ұғымын толық түсіне отырып, алған білімдерін толықтыру және мағынасын ашу.

2. Зат есімдерді шығыс септігінде айтуға үйрету, ойын, сөздік қорын, тілін дамыту, шығармашылық қабілетін жетілдіру, сауаттылылық деңгейін, көркем жазу дағдысын қалыптастыру.

3. Қазақ тілі пәніне сүйіспеншілігін арттыра отырып, жинақылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, семантикалық карта, электрондық оқулық.

Сабақтың түрі: Ертегі және саяхат.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, электрондық оқулықпен жұмыс, ой толғау, ұжымдық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 – Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ.Сабағымыз ертегі желісінде болмақ.

Ерте, ерте, ертеде                                            Ақылымен жетектеп

Мінезі суық қаталдау                                      Сара жолға салыпты.

 “Қазақ тілі” атанған                                       Қазақ тілдің ұрпағы

Хан патшасы болыпты.                                   Әкесіне сеніпті.

Киіз үй тігіп жайлауға                                    Жетеуіне қаз-қатар

Қыр басына қоныпты                                      Жеті үй тігіп беріпті.

Септік деген атаның                                        Қатаң тәртіп қағида

Жеті ұлы болыпты.                                         Білімсізді жойыпты.

Жетеуі де ер жетіп                                           Сұрақтар мен жалғауын

Білімімен жаныпты.                                         Жабыстырып қойыпты.

-Қазір біз  “Қазақ тілі патшалығына” саяхатқа шығамыз. Бүгін хан патшасы біздің білімімізді тексермек. Олай болса, септік атамен бірге 7 ұлының ауылына саяхат жасаймыз. Қазақ тілі пәнінен өз білімімізді көрсетейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.65 тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құра.

2. Электрондық оқулық арқылы өткенді еске түсіру. Тест.

1. Кімнің? Ненің?

    иа   жоқ

2. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды жұрнақтар деп атайды?

   иа      жоқ

3. Жатыс септігінің жалғаулары:-ға, -ге, -қа, -ке

   иа     жоқ

4. Барыс септігіне кімге? Неге? Қайда? деген сұрақтар қойылады?

  иа        жоқ

ІІІ. “Ілік септік” ауылы.

Кең дүниені бөледі

Екі сұрақ ұсынып.

Кімнің? Ненің? Дегені

-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің жалғауы.

Жаңа тақырып.

Сандарды өсу ретімен орналастыр.

 

1000

9510

7706

4003

999

 

2020

5004

3995

6200

8000

4321

ы

к

т

с

ш

 

ғ

е

ы

п

і

с

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Мұғалімнің түсініктемесі. Шығыс септігі зат есімдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? Деген сұрақтарға жауап береді. Шығыс септік жалғаулары-дан, - ден, -тан,-тен,-нан,-нен. Мысалы: су-дан, әкем-нен, ауыл-дан.

2. Оқулықпен жұмыс. Ережені оқыту.

                                        Шығыс септік

Кімнен? Кімдерден?                                          -дан, -ден,-тан,-тен

Неден? Нелерден?                                             -нан,-нен

Қайдан?

  ІV. Барыс септік ауылы.

Барыс болса жарқылдап,

3 сұрақпен қалыпты.

Кімге? Неге? Қайда? деп

Жұлдыз болып жаныпты.

-ға,-ге,-қа,-ке болам деп

4 жалғаумен қалыпты.

Дәптермен жұмыс.

Қына тасқа бітеді,

Ақыл басқа бітеді.

-Ана тілі пәнінен оқыған қандай білім туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер.

Оқу білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

 

Білім-қымбат, білу қиын.

 

Ойна да күл, оқы да біл.

V. “Табыс септік” ауылы.

67-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың қай септікте тұрғанын айт.

Жаңбырдан соң көңілді,

Аспаннан нұр төгілді.

Сергіп қалды жер беті,

Кемпірқосақ керілді.

2. Ауызша тапсырма.

68-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Шығыс септікте тұрған сөздерді тауып, олардың жалғауларын ата.

VІ. “Жатыс септік ” ауылы.

Жатыс болса бүгінде

Кімде? Неде? сұрағы.

-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен деп

Сендерге ғана ұнаймын.

Сергіту сәті.

Суда жүзер көп балық,

Қарайықшы зер салып.

Оңға, солға жүзеді

Биші болып бұралып.

2. Көру диктанты. Жұмбақты жатқа жазып шешуін тап.

Аттан биік

Қойдан аласа.   /Ер-тоқым/

-Шығыс септіктегі сөзді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

VІ. “Көмектес септік” ауылы.

Кенжесімін бүгін де,

Кіммен? Немен? жүремін

-мен,-бен,-пен,- жалғауым

Осы болды таңдауым.

“Семантикалық картамен жұмыс”

ІХ. Қорытындылау.

1.Электрондық оқулықпен жұмыс.

2. Ассоцация құру.

Х. Үйге тапсырма беру.

 

ХІ. Бағалау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23 Kb
Количество скачиваний: 40
Просмотров: 177

Похожие материалы