Қазақ тілі "зат есім" 2 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мұғалім: Ж.Гилманова Оқушылардың жасы: 7-8

Күні: 08.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сілтеме: Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова,

С.Тәжімбетова. Әдістемелік құралы.Google

Жалпы мақсаттары:

Міндеттері Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету, түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Сөйлемдегі сөздердің ішінен зат есімдерді тауып үйренеді;

Сөйлеу дағдыларын меңгертіп, көркем жазуларын қадағалау;

Кез-келген тақырыпқа мәтін құрастыртып үйрету;

Оқыту нәтижесі Сөйлемдегі сөздердің ішінен зат есімдерді тауып үйренді;

Сөйлеу дағдыларын меңгертіп, көркем жазуларын қадағаланды;

Кез-келген тақырыпқа мәтін құрастыртып үйренеді;

Негізгі идеялар Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімдері арқылы кіру

Оқушылардың бір-біріне түсіндіру арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығуы

Мұғалімнің оқуға бағыттап отыруы

Оқушылар өзін және достарын бағалау мүмкіндіктері

Кезекті оқу Үйге тапсырма: ережелер жаттау

Жүргізетін жұмысым

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

Сыныппен сәлемдесу

І. Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз- білім алу,

Міндетіміз- еңбектену

Еңбектену арқылы

“5 “- ке қолды жеткізу!

Мұғаліммен сәлемдесу

Оқушылар тақпақ арқылы сабаққа дайындықтарын көрсетеді

4мин

І. Білім

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.

Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.

Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»

Сөз таптары Заттың атын білдіретін сөздер Заттың санын білдіретін сөздер Заттың сынын білдіретін сөздер Заттың іс-қимылын білдіретін сөздер

алма +

барды+

жеті+

қызыл+

тарақ +

оқыды+

қоңыр+

он+

Оқушылар сөздерге сұрақ қойып, қай сөз табына жататынын белгілейді.

8 мин

ІІ. Түсіну

«Білім табыс кілті»

Қызығушылығын ояту

-Балалар осы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?

-Не?

-Осы сөздердің көпше түріне қандай сұрақ қоямыз?

-Нелер?

Ал, осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз?

-Кім? (Кімдер?)

-Олай болса,өткенді еске түсірейік. Кім? Не? деген сұрақтар қандай сөздерге қатысты қойылатын еді?

-Ендеше осы ережеге сүйене отырып,

“Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп айтамыз” деген жаңа ережемен танысамыз. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы “Зат есім”.Сұрақтары: Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Балықшы тапсырмасы

1.Сөзжұмбақ шешу.

Оқушылар не көріп тұрғандарын айтады және сұрақ қояды.

Ережемен таныстырады

Берілген суреттер бойынша сөзжұмбақты шешеді. Оларға сұрақтар қояды

ІІІ. Қолдану

«Көркем жазу»

«дәптермен жұмыс»

318-жаттығу Мақалды көшіріп жазады.Кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздің астын сызады.

Ақыл тозбайтын тон

Білім –таусылмайтын кен

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар

СЕРГІТУ СӘТІ.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Салем бердік сіздерге

Құрметпенен біз

«бас бармақ»

(формативті бағалау) Мақалды көшіріп , мағынасын түсіндіріп, зат есімдерді тауып айтады.

бас бармақ арқылы білдіру

5 мин

IV. Талдау

«Дәрігердің тапсырмасы»

«Кім жылдам?»

319-жаттығу. Сызбаның орнына не? Сұрағына жауап беретін сөзді қойып жаз.

Ит үреді. Қасқыр ұлиды. Қарға қарқылдайды. Әтеш шақырады. Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, көшіріп жазады.

6 мин

3мин

1 мин

1 мин

V. Жинақтау

«Арманы биіктің алмағы биік».

379 - жаттығу.

Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, әже, мұз.

Дәлелдеу үлгісі:

Ақын - бұл зат есім, өйткені - кім?- адам.

ҮІ. Бағалау.

«тест тапсырмасы»

1. Зат есім нені білдіреді?

а) заттың санын

ә) заттың қимылын

б) заттың атын

2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) Жандос

ә) дәрі

б) күлді

3. Аспан деген сөзді қайталайтын сұрақты тап

а) не істеді?

ә) не?

б) кім?

4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.

а) Дәрігерлер, дәрілер

ә) күшік, әнші

б) қыс, торғай

5. Кім? Не? Қай сөз табының сұрағы?

а) етістік

ә) зат есім

б) сан есім.

«қол шапалақпау»

(формативті бағалау)

Стикерге көңіл күйлерін жазып жабыстыру.

«Бағалау»

5- өте жақсы

4- жақсы

3 - қанағаттанарлық

Кері байланыс

Мұғалім:

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қандай тапсырма орындаған ұнады? Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеп айтады.

Тест тапсырмаларын орындайды,.

сабақтан алған әсерін қол шапалақтау арқылы білідіру.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 826.5 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 176

Похожие материалы