Қазақ тілінен "Алтын қақпа" тіл сайысының жоспары 5-6 сынып

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

 

Қостанай  қаласы

А.М. Горький атындағы гимназиясының  

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бекболатова  Айгүл Адамбекқызы

 

"Алтын қақпа" тіл сайысы

 

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ана тілін, Отанын, елін, жерін сүйе білу, оның тарихын, салт- дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Нақыл сөздер жазылған кестелер, суреттер, мақал-мәтелдер.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Құрметті, оқушылар!

Белгілі ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің бір өлеңіңде:

«Сүйемін туған тілді- анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін», - деп жырлағандай, ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл халқы үшін - ұлы», - дейді Ш.Айтматов.

Біздің тіліміз – бай, ең таза тіл.

Мәселе соны дұрыс пайдалана білуімізде. Сонымен бүгінгі "Алтын қақпа" тіл

сайысымызды бастаймыз.

(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.)

1-оқушы: - тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қыркүйекте, ал екінші заң 1997жылы 17шілдеде қабылданды. Әрбір адамға ана тілі ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.

Ол ата-анадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Сондықтан да әрбір адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы, оның орынсыз шұбарлануына жол бермей, қалай да қарсы тұра білуі тиіс.

2-оқушы: - 22 сентября в нашей стране отмечается праздник - День языков народов Казахстана. Функционирование языков на территории Республики Казахстан регулируется 93 статьей Конституции (Основного закона) Республики Казахстан.

11 июля 1997 года принят Закон Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан». Закон «обеспечивает одинаково уважительное отношение ко всем, без исключения, употребляемым в Республике Казахстан языкам»каждого из 130 народов, населяющих нашу страну.

3-оқушы: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрі бар, ата жолы –салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.

4-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!

1-оқушы: - Елбасы Н.Назарбаевтың 1998-ші жылдың 20-шы қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22 - қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр ұлттың тілі - оның бақытының тірегі.

5-оқушы:

Ана тілім,

Дана тілім – бақ тілім,

Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

Сенсің – менің қасіретім, пәктігім,

Сенсің – менің тазалығым, шаттығым!

6-оқушы:

- Қазақ тілі – дана тілі, асыл тіл,

Қазақ тілі – баба тілі, ғасыр тіл.

Қазағымның қуанышын сен жырлап,

Елдігімнің дәрежесін асыр тіл.

2-оқушы: Государственным языком нашей республики является казахский язык. Каждый житель нашей страны должен знать государственный язык.

Сегодня на нашем мероприятии участники покажут знания казахского языка.

1-оқушы: Біздің сайыстың атауы – «Алтын қақпа» ойыны. Бұл ойынға 3 топ 5-оқушыдан қатысады.

Сайысымызды бастар алдында әділқазылармен танысайық:

Қатысушылар:

1-ші топ : 2-ші топ: 3-ші топ:

«Алтын қақпа» ойыны.

1-оқушы: -Балалар, біздің максатымыз Қазақстан туралы білетінімізді ортаға салу. Ал бұл ойының мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жерде «Алтын қақпа» бар. Оңдағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз.

М. Алдымызда «Темір қақпа».

Оны ашу үшін «Тәуелсіз Қазақстанға» байланысты сұрақтарға жауап берейік.

1. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?

2. Қазақстанның мемлекеттік тілі?

3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады, олар қашан қабылданды?

4. Қазақстанның ұлттық валютасы қашан айналымға енді?

5. Біз республиканың қай аймағында тұрамыз?

6. Ту мен елтаңбаның авторы кім?

7. Қазақ халқының үш биі?

8. Алтын адам табылған жер?

9. Қазақстанның тұңғыш этнограф ғалымы кім?

10. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң –арқалаң.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан.

Өлең шумағын кім жазды?

«Күміс қақпаны» ашу.

Оны ашу үшін- Отан, туған жер туралы мақалдарды толықтыру.

1. Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).

2. Туған жердей жер болмас,-...(туған елдей ел болмас.)

3. Өзге елде сұлтан болғанша ,-...(өз еліңде ұлтан бол).

4. Отан үшін--... (отқа түс күймейсің).

5. Отан-... (оттан да ыстық)

6. Ана сүті бой өсіреді,-... (ана тілі ой өсіреді).

7. Кісі елінде сұлтан болғанша- ...(өз еліңде ұлтан бол).

8. Ер қанаты-...( ат).

9. Өз елің- ...(алтын бесігің).

10. Көз қорқақ-... (қол батыр)

 

М. Біздің мемлекет - көп ұлтты мемлекет. Сондықтан ендігі мақалдарды орысша айтамын,сендер қазақша баламасын табасыңдар немесе ұқсас мақалдар айтасыңдар.

 

1. Не рой яму другому, сам в нее попадешь. 1.Ойнап айтсаң да - ойлап айт.

2. Слово не воробей, вылетит не поймаешь. 2.Жақсы сөз-жарым ырыс.

3. Глаза боятся, руки делают. 3.Өнер алды-қызыл тіл.

4. Нет дыма без огня. 4.Айтылған сөз -атылған оқпен тең.

5. Язык до Киева доведет. 5.Біреуге ор қазба-өзің түсесің.

6. Доброе слово-половина блага. 6.Тамшы тас жарады,тіл бас жарады.

7. Воспитание детей начинается с колыбели. 7.Көз қорқақ -қол батыр.

8. Начало исскуства-красноречие. 8.Тіл мұратқа жеткізер

9. Даже говоря в шутку подумай. 9.Бала тәрбиесі бесіктен.

10. Капля камень расколет,слово-голову. 10.Шоқ болмаса, от тұтанбайды.

 

М. «Алтын қақпаны» ашу.

-Балалар, бұл қақпаның жүгі ауыр, себебі, алда-«Білім» қазынасы.

Олай болса, тапсырма да күрделі.Үш түрлі тапсырма орындалады.

 

1-тапсырма.

«Қазақстан» деген сөзден бірнеше есім сөз құру.

2-Тапсырма.

«Тіл» сөзін септеу (жай түрі және тәуелді түрінде).

3-тапсырма.

Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне қарай талдау.

 

Қазақстан –Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі.

Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.

Біз Отаншыл болуымыз керек

М. Ал, енді «Алтын сандықты» ашайық.

Онда мынадай тапсырма бар.

«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбына шағын әңгіме( эссе).

 

Сабақты қорытындылау.

Міне, мақсатымыз, «Білім» қазынасына жету болса, Алтын сандықтағы қазынаға жеттік.

Оқушылыр арасынан «Отан», «Тіл» туралы жатқа өлең оқитын бала болса, оларды тыңдайық.

(«Атамекен» әні орындалады.)

Сабақты аяқтау, баға қою.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40 Kb
Количество скачиваний: 28
Просмотров: 174

Похожие материалы