Қазақ тілінен ашық сабақ "Сөйлем, сөйлемнің түрлері"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Иманова Айжан Калиоллаевна
|
Тақырыбы: Сөйлем. Сөйлемнің түрлері.
Мақсаты: 1.Оқушыларға сөйлем туралы түсінік қалыптастыру. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
2. Сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Таным белсенділігін арттыру, ойын, тілін дамыту.
3. Оқушыларға ұлттық тәрбие мен адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, өзіндік ізденіс.
Көрнекілігі: математикалық есептер, электрондық оқулық, сызба.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабақты тәлім сәтінен бастайық. Ендеше мына сұрақтарға жауап берейік:
- Әрбір адам?- Туыс, дос, жұрағат
- Әрбір сабақ? – Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? – Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызда әрбір ісімізге жауапкершілікпен қарайық, белсенді болайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
- Мен өткен «Дауыссыз дыбыс түрлері» , «Мәтін» тақырыптарын қайталауға берген болатынмын. Ендеше тест арқылы үй тапсырмасын тексерейік:
1. «Қ» дыбысы дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?
А) үнді в) қатаң с) ұяң
2. «Ана» сөзіндегі дауыссыз дыбыс дауыссыздың қай түріне жатады?
А) Үнді в) ұяң с) қатаң
3. Бір нәрсені суреттеп, сипаттайтын мәтінді қалай атаймыз?
А) әңгімелеу в) сипаттау с) пайымдау
4. Дұрыс жазылған сөзді белгіле?
А) Саян в) Сайан с) Сайян
5. Сөз нелерден құрылады?
А) сөздерден в) әріптерден с) дыбыстардан
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 44.5 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |