Қазақ тілінен ашық сабақ тақырыбы: "Етістік"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні:Қазақ тілі

 Сабақтың тақырыбы: «Етістік»

Сыныбы: 3- сынып      

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Етістік туралы 2- сыныпта берілген білімді еске түсіру,

                       ол заттың әр алуан іс- әрекетін, қимыл процесін білдіретін

                       сөз табы екендігі, сұрақтарын, етістіктің зат

                       есімнен байланысы жөнінде берілген түсініктерді кеңейту,

                       жаттығу.

Ә) Дамытушылық:Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып,

                       сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын

                       дамыту.

Б) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға,

                       Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың типі: Өткенді қайталау

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, топтастыру,

                        Венн диаграммасы, Тор стратегиясы, үш өлшемді

                        әдістемелік жүйе.

 

Көрнекіліктер: Сызбалар, суреттер, қима- қағаздар, дидактикалық

                         материалдар.

 

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер

 

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1 -  оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім

    Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амадасып, сабағымызды бастайық.

 

Сәлемдесу: Үлкенге де сіз

                     Кішіге де сіз

                     Сәлем бердік сіздерге

                     Құрметпенен біз.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.

«Бәйге» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу – ауызша.

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          

           

 

 

 

 

1.Сол жақтағы – 20. Зат есім дегеніміз не?

2.Ортадағы – 50. Зат есім түрлерін ата.

3.Оң жақтағы  - 10. Кітап сөзін тәуелде.

4.Сол жақтағы – 30. Сөз таптарын айтып бер.

5.Оң жақтағы – 30. Жалқы есімге мысал айт.

6.Сол жақтағы – 10. Зат есімнің тәуелденуі не?

7.Ортадағы – 40. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса.

8Оң жақтағы – 20. Қазіргі жыл мезгіліне байланысты өлең оқы.

9Ортадағы – 60. Мақалдың жалғасын тап.

                                  (Кітапсыз ____  ____,

                                    Білімсіз  ____  ____)

 

3.Жаңа сабақ.  

1. Ойын: Үн қатпа !

Әр қатардан бір-бір оқушы шығып, үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.

Бір оқушы тақтаға әр қимылды сөзбен жазып шығады.

             Отырды жүрді шертті .

              Тұрды .   Айналды.    Биледі.

-         Тақтадағы сөздер қай сөз табына жатады ?

-         Етістік.

2. – Етістік туралы білімдеріңізді ортаға салыңдар – ой қозғау әдісі.

3. – сызба бойынша жұмыс – экраннан көрсету.

 

4. Оқулықпен жұмыс.

А) 326 – жаттығуды ауызша орындайды; талдау.

- Етістіктерді атап, сұрақ қой.

- Осы өлеңнен көкейіңе не түйдің?

- Үлкенге көмектесу, әдепті болу.

 

5. Дәптермен жұмыс

А) Күн жадын жазу

Ә) Тақырыпты жазады

Б) 326 – жаттығуды жатқа жазу.

 

6. Сурет бойынша (экраннан көрсету) сөйлем құратып, оларды тақтаға жаздыру. Етістіктерді тапқызу, дәптерлеріне жаздыру. Оқушыларға 327 – жаттығуды орындағанын айтып, оқулықтағы жаттығумен салыстыру.

 

7. Көркем жазу. 328 – жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңді көшіртіп жаздыру. Әр қатардан бір- бір оқушы шығып бір жолдан жазып етістіктерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызу.

 

8. Сөздік жұмысы. Төскей- таудың беткейі, төсі.

 

9. Үйге тапсырма: 1) 330 - жаттығу

                                2) Шығармашылық жұмыс. 5 жол өлең құру.

 

10. Сабақты қорыту. А) Венн диаграммасы

 

           Зат есім              Етістік

 

 

Ә) Тор стратегиясы -3 оқушы толтырады.

 

                 

 

 

 

                                                                                                                           ?

 

 

Б) деңгейлік тапсырмалар:

 

І – деңгейлік тапсырма:

1.     Мына сөйлемнен зат есімді тауып, астын сыз.

                  Мұғалім Әселді мақтады.

2. Мына сөздерді сөз құрамына талда.

                  Балықшылар, балықтарға.

                                                                  (Қорытындылау)

ІІ – деңгейлік тапсырма:

1.     Мәтін неше бөліктен тұрады? 329- жаттығу. “Мейірімді қыз”

2.      Осы мәтіннен етістіктерді тап.

                                                                  (Қорытындылау)

 

ІІІ – деңгейлік тапсырма:

•         “Мейірімді қыз” деп аталу себебін 1 сөзбен түсіндіріп жаз. Себебі...

•          Етістігі бар 2 сөйлем ойлап жаз.

                                                                   (Қорытындылау)

В)  Жақсы ұпай жинаған оқушыларды қол шапалақтап, мадақтау.

 

Г) Әр қатар бүгінгі күнге тілек тілеп жіберейік.

 

І – қатар:  Жақсылық -     орындарынан тұрады.

 

ІІ – қатар: Сәттілік

 

ІІІ – қатар: Денсаулық

 

Ғ) Бәріңізге көп- көп рахмет!

 

Сабақ аяқталды.

 

 

Тип материала: Архив ZIP (zip)
Размер: 53.29 Kb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 94

Похожие материалы