Қазақ тілінен ашық сабақтың тақырыбы: Менің інім 3-сынып
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Маркина Зейнеп Бакитжановна
|
Сабақтың тақырыбы: Менің інім
Сабақтың мақсаты.1.Білімділік. Жаңа сөздермен таныстыру, жұмыс жасау. сөйлемдер құрату, сөз тіркестерін сәйкестіру.Өз інісі, отбасы туралы айта алу.
2.Дамытушылық. Берілген тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін кеңейтіп, тілдерін жаттықтыру. Дұрыс, толық сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік. Отбасыдағы сыйластыққа,бауырмалдыққа тәрбиелеу.Сөздерді орынды қолдануға, мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттықтыру.
Көрнекіліктер: түйе, сөздер, сөз тіркестері, сиқырлы дорба, сөзжұмбақ және суреттер.
Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі . Амандасу. Түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Тақтаға корреспондент шығып сұрақтар қояды : –Қандай сабақ басталды?
- Қазір нешінші сабақ?
-Бүгін ауа райы жылы ма?
II.Фонетикалық жаттығу. -Қазір, балалар, қазақ тіліне тән әріптерді қайталаймыз. Бүгін бізге қонаққа түйе келді. Оның қалташасында әріптер бар. Сол әріптерді қалташадан алып, көрсетіп, дұрыс айту керек.
III.Үй жұмысы. -Ал енді үй жұмысын тексеру үшін мынадай тапсырмалар беріледі карточка бойынша сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар: -Сенің отбасың бар ма?
-Сенің отбасың қандай?
-Неше адам бар?
-Олар кімдер?
-Сенің атаң, әжең бар ма?
Кейін бірнеше оқушы шығып өз отбасы туралы айтып береді.
IV. Жаңа сабақ. -Сенің інің бар ма?
-Оның аты кім?
-Ол неше жаста?
Кітаппен жұмыс: 32бет. Мен сөздерді айтамын оқушылар қайталайды. Орысшадан қазақша сұраймын: рисует, цветок, дом, дерево.
Оқимын-мен. Ойнаймыз – біз. Балабақша – садик Балабақшаға – в садик - түсіндіру.
-Ал енді маған қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді тауып беріңдер (бірге, оқимын, балабақша)
-Ал енді осы сөздерден сөйлемдер құрастырамыз. Мой братик рисует. Я читаю книгу. Мы вместе играем. Это большой детский садик.
Сергіту сәті -Көжегім тұршы, бетіңді жушы
Айнаға қарашы, шашыңды тарашы
-Енді берілген мына сөздерден дұрыс сөйлемдер теріп алайық
1.Інім, менің, бар. Менің інім бар.
2.Кішкентай , ол. Ол кішкентай.
3.Салады, інім, сурет. Інім сурет салады.
4.Оқимын, мен, кітап, ініме . Мен ініме кітап оқимын.
5.Ойнаймыз, бірге, біз. Біз бірге ойнаймыз.
V. -Қазір біз кімнің? деген сұрағымен танысамыз. -Кімнің інісі?
Маша+ның інісі
Мұрат+тың інісі інісі
Сергей+дің інісі
Братишка Сергея. Братишка Маши. Братишка Мурата -аудару.
-Ал енді менің қолымда мынадай сиқырлы дорба бар. Оның ішінде көптеген сұрақтар жасырынған. Сол сұрақтарға дұрыс, толық жауап беру керек.
-Келесі тапсырма берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру
әкем студент
шешем балабақшада
апам дәрігер
ағам дүкенші
қарындасым мұғалім
VI. Қорытынды: суреттер арқылы сөзжұмбақ шешу
О қ у ш ы
а Т а
Б а л а
а д А м
С і ң л і
с ы н Ы п
-Қандай сөз шықты? -Отбасы
-Ол қандай сөз? -Жуан сөз
-Неше дауысты бар? -Үш дауысты бар
-Неше дауыссыз бар? -Үш дауыссыз бар
-Отбасы тақырыбына байланысты қандай сөздерді білесіңдер? Жуан, жіңішке сөздерді айыру.
жаун жіңішке
ата әже
аға шеше
апа әке
қарындас іні
VII.Үй жұмысы: 33бет. 4- тапсырма
VIII. Бағалау: оқушыларды мадақтау
3 «Б» сынып 106 кабинет.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.2 Kb |
Количество скачиваний: | 14 |