Қазақ тілі.Сабақтың тақырыбы: Сын есім.2 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кожахметова Асем Умитбековна
|
Қазақ тілі-2 сынып
Уақыты: 2.04.2015 105 сабақ
Сыныбы
2 «а»
Сабақ тақырыбы
Сын есім
Мақсаты:
Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде меңгерту.Заттардың жалпы сын,сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету.
Белгілі бір нақты заттың әр алуан қасиеттерін көрсетіп,сипаттап айтуға баулу.
Оқыту нәтижелері:
Тапсырмаларды орындауда сын есімдерді тауып,қай сөзбен байланысып тұрғанын дәлелдейді.Зат атауларына қатысты сапа белгілерін атайды,сөздерден сөйлем құрайды.
Әдіс-тәсілдері:
Ой қозғау,сөз мерген,ығармашылық тапсырма
Негізгі ресурстар:
Оқулық,парақ қағазы,түрлі-түсті фломастерлер.
Негізгі идеялар:
Сын есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде меңгерту.
Қамтылған модульдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,білім беруде АКТ-ны пайдалану,білім берудегі және көшбасшылық.оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Сабақтың барысы:
кезеңдері
Әдіс-тәсілдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбер.
Бір,екі,үш,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Шеңберде тұрып,өлең сөздерін айтады.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Сын есім туралы ереже.
-Сын есім дегеніміз не?
-Оның сұрақтары?
-Мысал келтір.
Жұпта бір-бірін тексереді.
Қызығушылықты ояту
«Сөз мерген» ойыны
Ормансыз
Бұлбұл
Тоғайсыз
Көлсіз
Жерсіз
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
Оқушылар ойларын айтады.Сөздерден мақал-мәтел құрастырады.
Сын есімді сұрақ қою арқылы табады.
ІІІ.Мағынаны ашу
427-ж.Өлеңді көшіріп жазып,сын есімдерді тап.
Кең жайлауда гүл терем,
Бағатыным қошақан.
Асау құлын үйретем,
Өсіремін ботақан.
-Сын есімдерді ата.
-Сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызып көрсет.
-Қошақан,ботақан,құлын қандай сұраққа жауап береді?
Оларды бір сөзбен не дейді?
428-ж.Суреттегі зат атауларының әрқайсысынына қатысты бірнеше сын есім тауып жаз.
Ағаш- ұзын,жасыл,биік.
Көше-таза,кең,түзу.
Кітап-қалың,қызықты,жұқа.
Шие-ащы,дөңгелек,қызыл.
Өлеңді көшіреді,сын есімді ирек сызбамен сызып,қай сөзбен байланысып тұрғанын табады.
Қошақан,ботақан,құлын сөздеріне сұрақ қояды?
ІҮ.Сергіту сәті
Музыкамен орындайды.
Ү.Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма
Шығармашылық тапсырма:
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.Көп,Қазақстанда,шұрайлы,жер
2.Сынып,біздің,кең,және,жарық.
3.Тоғжан,алды,кеудеше,әдемі.
4.Бар,күшігі,қара ала,Шынтастың.
-Сұрақ қойып,сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта.
2 тапсырма:
Ішінде сын есімі бар жұмбақтар тауып айт.
*Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
*Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер-тамағы,
Шөлге шыдап бағады.
Шығармашылық тапсырманы топта орындайды.
ҮІ.Рефлексия
-Бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Қай тапсырма қиын болды?
-Қай тапсырма ұнады?
Рефлексия жазуға машықтанады.Сабақ туралы пікірлерін тыңдау.
ҮІІ.Бағалау
Жұпта,топта,топтардың бағалауы.
Жұпта,топта,топтардың бағалайды.
ҮІІІ.Үй тапсырмасы
431-ж.
Ішінде сын есім бар жұмбақты тауып жаз.
1 сөзге дыбыстық талдау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.82 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |