Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
                                                                           Тәрбие сағаты  Тақырыбы:                «Қазақстан-2050 стратегиясы:                                     бір халық –  бір ел – бір тағдыр»  Мақсаты: Оқушылар бойында өз  еліне және өз халқына с.йіспеншілігін, өз мелекетінің қол   жеткен табыстарына деген мақтанышын қалыптастыру.Сабақтың әдісі: ойын сабағыКөрнекілігі: Қазақстан рәміздері, Қазақстанның картасы, слайдтар, қанатты сөздер, топтамалар, үнтаспа, кітаптар көрмесі, қосымша материалдар.Сабақтың барысы: Кіріспе – мұғалім сөзіСабағымызды Елбасы: Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздерімен бастауды жөн көрдім.Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХ сессиясында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев белгіленген «бір халық –  бір ел – бір тағдыр» идеясы 2013-2014 оқу жылындағы Білім күнінің ұраны.Президентіміз анықтағандай, «бір халық» - бұл барлығына ортақ ұлт мүдделері, «бір ел» - бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір тағдыр» - бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл біздің ортақ келешегіміз – көркейген және гүлденген Қазақстан. Елбасы атап өткендей, Отанға, туған жерге, ата-бабаларымызға, бірыңғай және жігі ажырамаған тарихымызға деген махаббат барлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызды. Екі онжылдық ішінде Қазақстанның жолы ұлт жеңісінің үлгісі болды, осындай жетістікке тек күшті халық жете алды. Біз сондай халық бола алдық және осы биікте болуымыз керек, - деген Президент. «Өз еліне пайдалы болу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – бұл әрбір қазақстандықтардың борышы және ар-намысы ». Президенттің бұл сөздері әр оқутышының және әр оқушының өмірлік қағидасы болуы тиіс. Осы 21 жылдагы жеткен жетістіктеріміз өткен күннің жемісі болып саналады. Олай болса өткен тарихымызға шолу жасайық: (бейнебаян арқылы Н.Ә.Назарбаевтың президент болып сайланған 1991- 2012 жылға дейінгі жетістіктерін көрсетіледі)2012 жылы Елбасымыздың жолдауы белсенді қабылданды. Елбасы жолдауы қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Страгетиялық жолдау дегеніміз – Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жобасы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2013 жылдың маңызды оқиғаларының бірі- бұл біз кімбіз, қайда барамыз, 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап. Жас ұрпақты осы мәселеге қызықтыратынына сенімдімін.І. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы1. Қуатты да табысты мемлекет2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен  татулығы4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындыларІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері1. Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі2. Екінші сын-қатер – жаһандық демографиялық теңгерімсіздік3. Үшінші сын-қатер – жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер4. Төртінші сын-қатер – судың тым тапшылығы5. Бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік6.Алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы7. Жетінші сын-қатер – Үшінші индустриялық революция8. Сегізінші сын-қатер – үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық9. Тоғызыншы сын-қатер – өркениетіміз  құндылықтарының дағдарысы10. Оныншы сын-қатер – жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупіІІІ. «Қазақстан-2050»  Стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм2. Ұлттық экономикамыздың  жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен  жеке жауапкершілік4. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің  негізгі бағдарлары5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 41.5 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 107

Похожие материалы