Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

9-сынып.    Қазақстан тарихы 

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға тоталитарлық режим мен социализмнің сталиндік үлгісінің мәні мен сипатын түсіндіру, коммунистік партия билеген тұста Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. 
2.Оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды салыстыра отырып, айырмашылықтарды ажыратып білуге дағдыландыру. 
3. Оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс, проблемалық оқыту
 Сабақтың әдісі: топтық –шығармашылық жұмыстар 
Көрнекілік: Қазақстан  Республикасының  саяси  картасы, таратпа материалдар,  бейне фильм, слайд,оқулық.
Сабақтың жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Сандық стратегия  әдісі. Оқушыларды  1.2.3.4.  санау арқылы топтарға бөлу. І- топ    Алжир;    ІІ- топ Карлаг  ;  ІІІ- топ   Гулаг ;  ІҮ- топ Степлаг;

 Алжир –Ақмола  қаласындағы әйелдерге арналған лагерь

 Карлаг -Қарағанды еңбекпен түзеу лагері

 Гулаг –лагерьлер Бас басқармасы 

Степлаг – далалы аймақтағы лагерь.

 

 Топ басшыларын сайлау.

 

ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау:
 Әр топ    басшылары    берілген ұяшықтардан 10; 20;30; 40;  сандарының біреуін  таңдайды . Әр санның артында  тапсырмалар берілген. ( ауызша, жазбаша түрде.

1.Ауызша

а) 1.Сталиндік казармалық социализм дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Зиялы қауымды жаппай   жазалау  шаралары  қалай жүргізілді

ә ) 1.1937-1938 жылдардағы “халық жауларын” жаппай жазалау шаралары   туралы айтыңдар?

2.Жаппай қуғындауға қарсылық көрсету неден көрінді?

 2. Жазбаша

а)   Халық зиялылары арасынан    «халық жауы» қатарына жатқызылғандарды  «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу және олар туралы түсінік беру )

      Ж. Аймауытов

     І. Жансүгіров

     М. Жұмабаев

     Қ.Сәтпаев

     М.Дулатов

      А.Байтұрсынов

      С.Сейфуллин

     А. Құнанбаев

     Б. Майлин

     І. Жансүгіров

     М. Тынышбаев  

 

 Ә)  Сандар сөйлейді.

(  Бұл сандар  жайлы не білесіңдер?)

 1928ж.

1938 ж                               

1937ж. 8 қазан

1938  ж                                          

1930 жж. 4 сәуірде                                            

1938 ж.                                                            

 1935 ж 5 қазан     (    30 – ұяшық)

1938  ж

 ІІІ. Жаңа  сабақ:

1.Ойлан тап:

Оқушылардың назарын видероликке аударамын. «Қанмен жазылған хат» (үзінді көрсетіледі)
Оқушыларға сұрақ: «Бұл ненің көрінісі, мұнда қандай оқиға бейнеленген? (Жауабы: 1937 -1938 жж. Сталиндік репрессия шаралары)
Олай болса, біз бүгін қандай тақырып қозғаймыз? 
Жауабы: Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерлері

2. Оқушыларға мәтін тапсырмалар таратылады
дайындыққа 5 мин уақыт беріледі
Әр топ берілген тапсырмаға  қысқаша мәлімет береді
3.    «Кім жылдам»   ойыны.  Әр топ басшысы алма ағашынан   бір алманы таңдап алады.    Берілген тапсырмаға  «Иә»; « Жоқ»    жауаптары арқылы жауап беру.  2 минут
Тапсырма -1. Лагерьлерде тұтқындар жағдайы өте ауыр болды ма? «Иә»; « Жоқ»

Тапсырма -2. Лагерьді ұйымдастырудан басты мақсат тек ауыл шаруашылығын жедел дамыту болды  ма? «Иә»; « Жоқ»

Тапсырма -3. Адамдар бәрі жеке лагерьлерін ерекше киімдерімен қамтамасыз етілді ме? «Иә»; « Жоқ»

Тапсырма -4. Жазалау шаралары тек партия өкілдері, зиялы қауым өкілдеріне жүргізілді ме? «Иә»; « Жоқ»

ІІІ. Сабақты бекіту
1.«Алжир»   және « Карлаг»   лагерлері туралы слайд көрсетіледі.

  Мұғалімнің қортынды сөзі:

Сталиннің жеке басына табынудың салдарынан тұтас бір халық өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылып қалды. Сталин кезіндегі жазалау шаралары Гитлердің жазалауынан асып түсті. Еуропада мыңдаған, миллиондаған тұтқындарды Ұлы Отан соғысы кезінде Гитлерлік жазалаушылар өртеп жіберсе, ал Сталин жендеттері Кеңестік миллиондаған тұтқындарды жер ананың түпкір-түпкіріне жасырып көмді.

   .

    Ана күйеуінен, бала анасынан айырылды.. Бұған Ақмола қаласының маңындағы лагерьлердің 26-шы нүктесі куә бола алады. Ал абзал аналар күйеулерінен бір қылмысты іске қатысты делініп, шетінен түрмеге қамалды.  Отбасы, ошақ қасынан айырылды. Үйлерінен «Халық жауының әйелдері» деп қуып шығарды.

1997 жылы  саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталып өтті, ал 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген.

      Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев мамырдың 31-күні Астанадан 40 шақырым  жердегі бұрынғы Малиновка мекені қазір таңда саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм тарихы мұражай кешенін ашты. 3 гектарға жуық жерде мұражай, ескерткіш және саяси репрессия құрбандарының тізімі жазылған тас бар.      


IV. Бағалау Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Топаралық бағалау жүргізіледі

V. Үйге тапсырма §20 (оқу) 90 беттегі сұрақтарға жазбаша жауап беру ,тарихи құжаттармен ізденіс жұмысы.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.15 Kb
Количество скачиваний: 104
Просмотров: 376

Похожие материалы