Қазақстан достық шаңырағы

Предмет: Обществознание
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: Қазақстан –достық шаңырағы.

Мақсаты: 1 мамыр мерекесінің шығу тарихымен таныстыру , халықтар арасындағы достықты нығайту, сыйластық, татулық, ынтымақ ,адамгершілік құндылықтарының маңызын түсіндіру, Отанын құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, әр ұлт өкілдерін ,киімдерін слайд түрінде көрсету.

Барысы:

1-жүргізуші:Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Қазақстан-достық шаңырағы» атты әдеби- сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

1-жүргізуші:Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Нәлібаева Ләззат Имашқызы . Ендеше, апай , көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз./мерекелік лебіз/

2-жүргізуші: Ағайын-туған-бар адам

Адамдық үшін жаралған

Бар елге қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық! – дей отырып , Ән «Қазақтай ел қайда» Орындайтын 5- сынып оқушысы Кенжебай Ахметхан

1-жүргізуші: 1 мамыр мерекесінің кешегі мен бүгінгі тарихына қысқаша тоқталып өту үшін сөз тарих пәнінің мұғалімі Ботақұлова Гүлназ апайға беріледі.

2-жүргізуші: Осындай үлкен тарихы бар мерекені біздің елімізде дүние жүзі еңбекшілерімен бауырластық, ынтымақ күні ретінде атап өтеді. Бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады»дейді қазақ мақалы.

1-жүргізуші: Қазақстан көп ұлтты мемлекет . Біздің елімізде 130-дан астам ұлттар тұрады:

ұйғыр ,кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркімен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір-бірімізбен берекелі де мерекелі өмір сүреміз.

2-жүргізуші: Білгің келсе біздің жайды содан сұра тек қана ,

Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана

Екі ішектің бірін қатты , бірін сәл-сәл кем бұра

Нағыз қазақ , қазақ емес , нағыз қазақ –домбыра- дей отырып өз ұлтымыздың биі «Қара жорға » биін қабыл алыңыздар.орындайтындар 9-сынып оқушылары Базарбай Ақниет, Нұрай

1-жүргізуші: Мамыр айы табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге бөленеді. Табиғаттың бұл әсем жыл мезгіліндегі мамыр айының Халықтар бірлігі күні ретінде алынуы тегіннен- тегін болуы мүмкін емес. Бұл керемет мамыражай мамыр айын ақындар да жырлап өткен.

Нұрай 5-с: Май көркі . Баубек Бұлқышевтікі

Май көркі сұлу сырға таққандайын,

Ән-күйге орман,тоғай батқандайын

Күннұры жер бетіне шашып шұғыла

Көмкеріп ақ күміспенжапқандайын.

Шығыстың шымылдығы ысырылып,

Алтын таң нұрын шашып атқандайын,

Балбырап жасыл бүліс , көк өсімдік

Құлпырған алтайымен мақпалдайын.

Жайдары осы майдың көрінісі

Қиялын жүрегімнің тапқандайын

Майға ән сап , Әсеттейін әсемдетіп

Жамбылша жыр бұлағын ақтарайын

Бекзат 7-с: Елімнің көз салайын ой-қырына

Өмірдің көңіл қойып шын сырына

Шат халық, бақытты елдің думан тойын

Желі ғып алтын арқау мен жырыма

Майға біз әсем әнмен ,үнмен келдік

Жеңгендер сьезімен , гүлмен келдік,

Жаңа салт, жаңа табыс, жаңа өндіріс

Жаңарған өткен майдан түрмен келдік

Өмірдің ең шыңында тұрғанда елім

Ағылмай қалсын неге жырым менің

Сондықтан тойға арнап төгілтейін

Шығарып дүкенімнен жырдың кенін

Мейрамбек 5-с: Көктем келді, май келді

Шақырады тойға елді.

Бізбенен қол ұстасып

Кел, бірге жүр , жақсы май.

Гүл терейік тысқа шық

Көп сағынған достым-ай

Мен көтерсем жалауды,

Майда бірге көтерген

Басып үлкен алаңды ,

Маймен бірге өтем мен

Нұрымжан 7-с : Туған жер .Қасым Аманжоловтыкі

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа:

Мәз боласың ұқсайсың жас балаға

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең ,

Шаршайсың ба , құмарың бір қана ма?

Уа, дариға – алтын бесік туған жер .

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр !

Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей

Ақын болмай, тасың болсам мен егер

Неткен байтақ , неткен ұлы жер едің!

Нендей күйге жүрегімді бөледің ?

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,-

Арманым жоқ бұл дүниеде,- дер едім;

Мен де өзіңдей байтақ едім , кең едім;

Қызығыңды көріп еркін келемін,

Сен де аямай бердің маған барыңды ,

Мен де аямай барым саған беремін .

Болдым ғашық, туған дала, мен саған,

Алыс жүрсем-арманым сен аңсаған .

Жақын жүрсем мен –төрінде рахаттың,

Алтын діңгек –өзім туған босағам !

2-жүргізуші: Қадірменді бір досымыз-өзбегім,

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім

Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің

Өз көзімдей күлімдейді көздерің сахнада - Өзбек биі . Орындайтын 8-сынып оқушысы Мұхамед

1-жүргізуші: Көрініс : «Қырғыз бен грузин айтысы » Орындайтындар 6 ,7-сынып оқушылары

Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:

-Сенің ұлтың кім?

-Қырғыз

-Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың ?

-Менің өз елім- Қазақстан

- Жоқ, сен Қырғызстанда түруың керек !

-О не дегенің ! Мен Қазақстанда тұрамын . мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін

- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек

- Ал сен грузинсің ғой ! Сен мұнда не істеп жүрсің ? сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда , Қазақ жігіті келеді)

- балалар , осыншама неге дауласып жатырсыңдар? Менің білгім келеді.

-(Екеуі қосарлана ) Біз әрқайсымызды өз еліңе баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз

- О не дегендерің ! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе ? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та, түрік те тағы басқа ұлт өкілдері тұрып жатқан жоқ па . Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр , ал сендер дауласасыңдар келіп . Олай болса , бізде неге дос болмасқа ! Қане , салыңдар қолдарыңды !

-Жарайды , жарайды(келісіп қолдарын береді)

2-жүргізуші: Ән: Хор «Пусть всегда будеть солнце » Жеке дауыста Нұрланқызы Индира

1-жүргізуші: Бүгінгі кешімізге арнайы ұлт өкілдері бас қосып , өздерінің ән шашуларын көрсетпекші . Олай болса ортаға сол қонақтарымызды шақырайық

Қазақ ұлтының киімін киген 2-оқушы 9-сыныптан :

Біз тілейміз бар бөбекке ,

бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін

Сусынымыз қанады

Өнер-білім нәрімен

Әлемдегі баланың

дос боламыз бәрімен

Орыс ұлтының киімін киген 1 оқушы 6-сыныптан :

Сары , ақпыз, қарамыз

Бәріміз де баламыз

Бір қалада түрамыз

Бір мектепке барамыз

Өзбек ұлтының киімін киген оқушы 1 оқушы 8-сыныптан :

Ақ, қара деп бөлмейміз

Бір жыл туған төлдейміз

Туысқанбыз, татумыз

Биіктерге өрлейміз

Қырғыз ұлтының киімін киген оқушы 1 оқушы 6-сыныптан :

Қазақ, қырғыз бір сананың егізі

Екі жұртың бірге екен негізі

Қазақ озса-ол қырғыздың мерейі

Қырғыз озса – ол қазақтың жеңісі

Украин ұлтының киімін киген оқушы1 оқушы 6-сыныптан :

Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын

Украина туысымның бірісің

Тұрды биік туымыздай бұл достық

Ел басына төнгенде де ұлы сын

Татар ұлтының киімін киген оқушы 1 оқушы 6-сыныптан :

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілейміз- бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан

Хормен : Достық –ұлттық туымыз

Бауырласпыз бәріміз

Дос болайық бәріміз

2-жүргізуші: Керемет , осындай берік те мызғымастай, бірлігі жарасқан достардың құрметіне 8-сынып оқушысы Ерасыл «Қазағым» әнін орындайды . Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Қазақта қасиетті сөз бар . «Ана бір қолымен баланы тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді»- дейді.Ана –біз үшін асыл жан . Осындай өнерлі де білімді, көрікті де тәртіпті оқушыларды дүниеге әкелген аналардың құрметіне қол шапалақтап , мәртебе тұтсақ артық емес .

6-сынып оқушысы Нұрланқызы Индираның орындауында «Ана туралы жыр » әні барлық аналардың құрметіне арналады. Қошеметпен қабыл алыңыздар !

2-жүргізуші: Ұстазым менің , ұстазым

Өзіңмен өткен қыс жазым

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда қалар жаңғырып

Ұстазым менің , ұстазым

Ұстаз – біздің екінші анамыз. Біздің кемел болашағымыз үшін білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаздар қауымы үшін үлкен қошемет білдірейік. Енді ұстаздармен қызықты ойын ойнасақ Ортаға 3 мұғалім шақырылады. Оларды әр ұлттың әуенімен билетеді. Тамаша билеген мұғалімге гүл шоқтары сыйлық ретінде беріледі.

1-жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге орыс халқының ұлттық биі орындалады. «Орыс » биі. Орындайтындар 8-сынып оқушылары Жайна мен Диана

2-жүргізуші: Осымен «Қазақстан –достық шаңырағы» атты 1мамыр – Халықтар бірлігі мерекесі күніне арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Бір аспанның астында тату-тәтті, достығымыз жарасып, бейбіт өмір сүрейік! Егеменді еліміз әрқашан биіктен көріне берсін!

Хор: Атамекен

1.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.85 Kb
Количество скачиваний: 47
Просмотров: 194

Похожие материалы