Здесь была ссылка на работу Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл автора Кенжегул Изнатова Жугинисовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі 1. Ассамблея мүшелері қызметін осы Заңмен айқындалған өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырады. 2. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге; 2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын іске асыруына, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті болғызбауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; 3) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша конференциялардың, семинарлардың, «дөңгелек үстелдердің» және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы. 3. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 1) этносаралық келісімді, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге; 2) Ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға; 3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға; 4) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге; 5) Ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті. 4. Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады.