Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Әбдіқадыр Пернегүл Шымтемировна
|
1-дауыс.Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін байтақ өлке - менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!
2-дауыс. Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз-Қазақстан көркем жер!
1-дауыс. Бүгіннің биігінен көз салып көр еліме, бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне жеке отау салтанатыжарасқан! Біротбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай кү нұрына таласқан!
2-дауыс. Қазақстан – бүгін міне достық туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!
1-дауыс. Бүгін міне еңбек пенен ерліке, байлық пен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірліке білек қосылып,жүрекке жүрек тіл қатты,ағайында адамдай ұғысқан көңіл тым қатты!
2-дауыс. Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 57 Kb |
Количество скачиваний: | 21 |