Қазақстан тарихы, 5 сынып, "қазақ халқының материалдық мәдениеті"
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Исабекова Нурсулу Канатовна
|
Сабақ жоспары
Тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсат-міндеттері:
Оқытушылық – оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық – материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз қөзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік –қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқытудың әдісі: өз бетінше оқу, сұрақ-жауап, баяндау (әңгіме, диалог), тест тапсырмаларын орындау.
Көрнекілік: қосымша мәліметтер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті – бүгінгі сабақта қатысатын оқушылардың санын тексеру, оқушылардың сабаққа назарын аударту.
Сыныпты 3 топқа бөлу:
І топ - Қазақтың баспаналары
ІІ топ - Қазақтың ұлттық киім - кешектері
ІІІ топ - Қазақтың ұлттық Жиһаздары мен қолөнер бұйымдары
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Біз тарихқа саяхат бөлімін аяқтадық, енді сол тарауды бекіту үшін тест тапсырмаларын орындаймыз.
ІІІ. Сергіту сәті
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Біз сендермен бүгін "қазақ халқының материалдық мәдениеті" атты мұражайға саяхат жасаймыз.
кіру
V. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Әр топ кітаппен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді
1. Киіз үйдің құрылысын айтып бер?
2. Киіз үйдің қандай түрлерін білесің?
3. Қазақтар теріден, ағаштан қандай ыдыс-аяқтар жасаған?
4. Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесің?
5. Қазақтың ұсталық өнері туралы не білесің?
2.Сегматикалық картаны толтыр
VІ. Қорытындылау.
Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін шетелдік азаматтарға қалай таныстырар едіңдер?
VІІ. Үйге тапсырма.
v Тақырыпты оқу
v «Үй жихаздары», «Тарихи-мәдени ескерткіштер» тақырыптарында слайд жасау
v Эссе жазу «Мәдениетім - мақтанышым»
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 1.56 Mb |
Количество скачиваний: | 70 |