Қазақстан тарихы "Қазақ хандығының құрылуы" 7-класс

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пәні:

Қазақстан тарихы

7-сынып Асимбетова Гулназ Назыккызы

Сабақтың тақырыбы:

«Қазақ хандығының құрылуы»

Жалпы мақсат:

Үзіндідегі ойды меңгерте отырып,ойлау қабілетін,сөйлеу шеберлігін дамыту, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Сілтеме:

Қазақстан тарихы Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер.

Электронды оқулық, muzik.com

Оқу нәтижелері:

Мәтіндегі негізгі ойды меңгеріп, мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.

Қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Негізгі идеясы:

Хан туралы мәліметтерді меңгеру

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс, кері байланыс. Сыни тұрғыдан ойлау: Блум таксономиясы.

Диалогты оқыту: әңгіме дебат. Оқытуда басқару мен көшбасшылық. АКТ ны қолдану. ОҮБ: Табыс критерийлері бойынша бағалау.Өзін- өзі бағалау.

Дереккөздері:

Қазақстан тарихы оқулығы.МАН. Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Электронды оқулық.

Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сыныпты билер атымен топтарға бөлу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Қызығушылықты ояту.

Үй тапсырмасын талдау. Диалог. Оқушы мен мұғалім арасындағы әңгіме.

Жаңа сабаққа кіріспе Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.Тапсырмалар

диалог, суретпен жұмыс, постер қорғау, шығарма жазу

Оқыту әдістері

Сұрақтарға жауап береді.

Мұғаліммен әрекетке түседі.

Қойылған сұраққа жауап береді.

Тапсырма: Жұптарыңмен отырып киік туралы білетіндеріңді жинақтаңдар. Қағазға жазып алған тізімді топта талқылаңдар.

Бірге талқылап жаңа сабақты бастау. Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.

Оқушылар өзара алған білімдерін топта толықтырады, талдайды, қорытындылайды.

Жұппен жұмыс кезінде өздерінің білімдерін сынайды. Бір біріне сыни көзқараспен қарайды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды.

Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.84 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 108

Похожие материалы