Қазақстан тарихы Наймандар Керейттер Жалайырлар
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Байдулла Молдир Ерманкызы
|
Мерзімі:
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Наймандар Керейттер Жалайырлар
Сабақтың мақсаты: Көршілес орналасқан түркі тілдес мемлекеттік бірлестіктердің саяси – экономикалық ахуалымен салыстырмалы түрде таныстыру.
Білімділік: Оқушыларды орта ғасырлардағы найман, керей, жалайырлар тайпаларының тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: Орта ғасырдағы тайпалар туралы түсіндіре отырып, ойлау, еркін, тарихи тілде жатық сөйлеу, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, елді, отанды қастерлей білуге, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта, тірек – сызба, кесте, плакат
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті тақта, сұрақ – жауап, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу
Үй тапсырмасын пысықтау:
Жеке жұмыс түрі
Тест сұрақтары
1.Қарахан әулетінің негізін салушы кім ?
а Сатұк Боғра –хан в Үш Елік қаған сКутейба ибн Мүслим
дСақал қаған е Сұлу қаған
2.Ханның мемлекеттік саси- әкімшілік іс жүргізетін орны
а орда в сарай с хандық д киіз үй е дың
3.Қарахандар жаулап алған жерлердің бірі
аҚытай бИран сСырдария бойы дКиев Русі е Алтын Орда
4.Қарахандықтар мемлекетінің Батыс бөлігіндегі хандықтың астанасы
а Ходжент в Самарканд с Шаш д Испиджаб е Бұқара болды
5.Қарахандықтар мемлекетінің Шығыс бөлігіндегі хандықтың астанасы
а Баласағұн вСайрам сТараз дФараб е Сығанақ
6.Қарахандықтар тұсында пайда болған «ихта» термині не мағына береді?
амемлекет билеушісі в мемлекеттің елшілігі
сқаланы басқару д соғыс жариялау есалық жинау құқы
7.Қарахандықтардың мал шаруашылығында жетекші орынды не алды?
ажылқы шаруашылығы вқой шаруашылығы стүйе шаруашылығы дірі қара е ешкі өсіру
8.Ислам діні қай жылы мемлекеттік дін болып жарияланды?
ІІ. 1. Тарихи диктант ( жұптық жұмыс)
Тарихи диктант
Жаңа сабақ жоспары:
1. Наймандар
2. Керейіттер
3. Жалайырлар топтары өздері үйден дайындап келген презентацияларын қорғады.
Наймандар
Мекені: Орхон өзені – Алтай
Найман сөзінің мағынасы: Сегіз тайпа бірлестігі Секиз өзені бойында тұратын тайпалар
Мемлекеттің аты шықты: ХІІ ғ екінші жартысы
Орталығы: Балықты
Билеушісі: Хан
Наркеш Дайын хан(1160 – 1203) саясаты:
• Егін шаруашылығы дамыды
• Отырықшы қалалық өмір салты орнады
Инанч – білге хан саясаты:
• Елді өнерге, күнкөріске баулыды.
• Бейбіт өмірді насихаттады.
• Сауда қатынасын дамытты.
• Наймандар одағын біріктіріп,
• мемлекетті күшейтті.
• Қарақытайлар үстемдігінен құтылды.
• Білге хан атанды.
Бұйрық пен Даян хандар саясаты:
• Бұйрық хан Қара Ертістегі Орунгу маңын мекендеген
• Билік үшін таласты
• Даян хан далалық өлкеде билік еткен
• Бұйрық хан Шыңғыс пен Ван хандардан жеңіліп, Енисей қырғыздарына қашты
• 1202 жылы Даян ханды Шыңғыс әскері жеңді, оның ұлы Күшілік хан Жетісуға қашады
Керейіттер.
Мекені: Орхон, Керулен, Селенга, Аргун өзендері.
Керейіт сөзінің мағынасы: Керлин өзені атынан шыққан.
Мемлекеттің аумағы: Долы өзені – Завхан аймағындағы Қазақ тауы.
Орталығы: Битөбе.
Хандық құрамына 8 аймақ кірді
• Тутау
• Албат
• Қыркун
• Тунхай
• Сақай
• Жирқиы
• Керей
• Қоңқай
Жалайырлар.
Мекені: Селенга, Хилок, Орхон өзендері, Қарақорым таулы қыраттары.
Жалайыр Мұқылай – Шыңғыс ханның ең жақын адамы түменбасы.
Жалайыр Жамұқа – 1201 жылы өзін гурхаан деп жариялап таққа отырды. Шыңғыс хан Жамұқанда жеңіп Жалайырларды бағындырды.
Тарихшы Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінде» жалайырларды Шыңғыс ханның қолға түсірген тұтқындары есебінде көрсетеді. Қазақ халқының құрамына енген жалайырлар Жетісуда орналасқан.
Қоғамдық құрлысы.
Басқару жүйесі: Хандық билік.
Басқару: Ұлыстық жүйемен жүргізілген.
Басқару орталығы: Орда.
Ұлыстың ішкі істерін жүргізушілер: Шербилер.
Қорытындысы: Найман, Керей, Жалайырлар ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмаған.
Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.16 Kb |
Количество скачиваний: | 45 |