Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары 9 сынып
Предмет: | История |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Сапарова Зухра Абуовна
|
1. XX ғ. 50-жылдар ортасында Қазақстанның солтүстігінде тілдік және демографиялық ахуалды өзгерткен процесс:
A) Өнеркәсіптер салу.
B) Тың игеру.
C) Урбанизация.
D) Милитарландыру.
E) ҒТР.
2. 1917 жылы Қазан төңкерісі қарсаңына дейінгі халықтан тартып алынған жер көлемі:
A) 4 млн десятина.
B) 9 млн десятина.
C) 45 млн десятина.
D) 40 млн десятина.
E) 17 млн десятина.
3. Қазақстан Орталық Атқару Комитеті «Қырғыз тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет қабылданған жыл:
A) 1921 жыл
B) 1923 жыл
C) 1925 жыл
D) 1924 жыл
E) 1922 жыл
4. 1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына шақырып, бастама көтерген аудан:
A) Жарма
B) Жаңаарқа
C) Шұбартау
D) Егіндібұлақ
E) Луговой
5. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң:
A) «Кәсіпорындарды тарату туралы»
B) «Қазақ КСР-індегі шетел инвестициялар туралы»
C) «Совхоздар мен колхоздарды тарату туралы»
D) «Жекешелеу туралы»
E) «Ұлттық валюта-теңгені айналымға енгізу туралы»
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді:
A) Екі жүз мыңға.
B) Екі миллионға жуық.
C) Жарты миллионға жуық.
D) Бір миллион.
E) Сегіз жүз мыңдай адамға.
7. 1998 жылы Халық Қаһарманы атағы берілді:
A) Т.Бигелдиновке.
B) Б.Момышұлына.
C) Қ.Қайсеновке.
D) Б.Бейсекбаевқа.
E) Р.Қошқарбаевқа.
8. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик:
A) Қ.И.Сәтбаев.
B) И.М.Губкин.
C) Н.С.Курнаков.
D) А.Панкратова.
E) А.И.Миронов.
9. Түркістан-Сібір темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:
A)100 мың.
B) 150 мың.
C) 200 мың.
D) 220 мың.
E) 300 мың.
10. Түркістан-Сібір темір жол құрылысы пайдалануға берілді:
A) 1928 жылы.
B) 1929 жылы.
C) 1930 жылы.
D) 1931 жылы.
E) 1932 жылы.
11. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп айтқан қайраткер:
A) Т.Жүргенов.
B) О.Қожанов.
C) С.Садуақасов.
D) Т.Рысқұлов.
E) О.Жандосов.
12. 1939 жылы қалаларда тұрған қазақтардың саны:
A)235 мың.
B) 280 мың.
C) 300 мың.
D) 353 мың.
E) 375 мың.
13. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда негізінен қарқынды жүргізілді:
A) Ауыр өнеркәсіп.
B) Жеңіл өнеркәсіп.
C) Шикізат көздерін игеру.
D) Машина жасау.
E) Энергетика кәсіпорны.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 49.08 Kb |
Количество скачиваний: | 251 |