Азаттық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі тұрғындардың ұжымдық және дербес қорғау құралдарын қолдануы

Предмет: Обществознание
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

 

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қорғаныстың хабарлау белгілері және әрекет ету тәртібі тұрғындардың ұжымдық және дербес қорғау құралдарын қолдануы.
 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын ұғындыру,ұжымдық және дербес қорғаныс құралдарын пай далануды үйрету.
 Уақыты: 45 мин.
 Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.
 Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АҚ журналдары.
Сабақтың барысы:
1- Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
2- Өтілген тақырыпты қайталау кезеңі – 10 мин.
- Эвакуация деген не?
- Эвакуация міндеттері
3- Негізгі бөлім – 22 мин.
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрам дас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апат тың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған. Бейбіт  уа қыттағы және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйе сі.
Әрбір төтенше жағдайдың өз ерекшеліктері бар және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын шаралардың нақты тізбесі бар. Сонымен қа тар төтенше жағдайлар болған ретте адамдарды қорғау үшін қолданыла тын іс - қимылдың жалпы жиыны болады, оған күнілгері және төтенше жағ дай болғанда тікелей жүргізілетін шаралар қамтылады. Күнілгері жүргізіле тіндері: берілген аумақта болуы мүмкін төтенше жағдайды болжамдау, ықти мал төтенше жағдайлардың шығындарын азайтуға бағытталған шаралар, тө тенше жағдай болған кезде жүзеге асырылатын іс - қимылды жоспарлау, тө тенше жағдайларда қолданылатын күш пен құралды дайындау, халыққа тө тенше жағдайлардағы құлық ережелерін үйрету, төтенше жағдайларда бол уы мүмкін материалдық қор жасау. Халыққа хабарлау дегеніміз су басу, орман өрті, зілзала, тасқын не басқадай дүлей апат туралы ескерту, болған апат не алапат туралы ақпарат беру. Бұл үшін байланыс, радио және теледидар құ рал дарының барлығы қолданылады. Уақыт – басты фактор. Төтенше жағ дайларда оны зая жіберуге болмайды. Адамдардың тағдыры осыған көп бай ланысты. Қазақстан республикасындағы радиотрансляция жүйесі кең тара ған.  Радиотрансляция торабы жоқ бірде - бір қала, ірі елді мекен жоқ. Кәсіпорындардың, оқу орындарының көпшілігінің өз радиоторабы бар.Оқу  орындарындағы АҚ - тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер асты нан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрі герлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.

4- Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Хабарлау жүйесі деген не?

-Ұжымдық қорғанудағы пайдаланатын табиғи және инженерлік құрылыстар қандай?

-Жеке азаматтардың қорғану құралдары,азаматтық қорғаныс  күштері қалай жасақталады,аудандық,,облыстық  құрылымдарға бөлінуі

Үй тапсырмасы-тақырып соңындағы сұрақтара жауап беру

Оқушыларды бағалау.

СҚО,Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебі

Алғашқы  әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы :

 

Аленов Бауржан Каиржанович

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 42.09 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 162

Похожие материалы