Қазақтың ұлттық ою-өрнектері.

Предмет: Технология
Категория материала: Конспекты
Автор:
Манғыстау облысы,Ақтау қаласындағы «Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі,технология пәні мұғалімі Кайырбаева Гульжан. Сабақ тақырыбы: « Қазақтың ұлттық ою-өрнектері».  Сабақтың мақсаты: ою- өрнек тарихымен таныстыру. Білімділік: ою түрлерімен таныстыру,жаңалықтарды меңгерту. Дамытушылық: қазақ халқының қолөнеріне баса назар аудару,ою түрлеріне қызығушылығын арттыру; Тәрбиелілік: оюды дәріптей отырып,қолөнерді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Түрі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру,ойын шыңдауға жұмыс жүргізу. Көрнекілігі: ою түрлері,технология оқулығы, үлгілер,интерактивті тақта. Құрал-жабдықтар: мата.ине,қайшы,жіп,үлгілер. Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі. 1.     Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу. 2.     Сабаққа дайындығын пысықтау. 3.     Үй тапсырмасын сұрау,бағалау. 4.     Сабақ мазмұнымен, мақсат,міндетімен таныстыру. Әдістемелік үйрету  Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақтаулы.Адамдар ертеден- ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне қолданылатын бұйымдары мен ыдыстарына қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.Ал біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнектің алар орны үлкен.Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып дамып келе жатқан бірден бір өнер.Әр шебер бұл өнерді өз үлгісінде,әр түрлі дамытқан,өзі жасаған оюға өзі атау беріп,оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған.Ою-өрнектің тілін түсінуге тырысып,өнерге жақын болуымыз керек. Ата бабадан қалған ою-өрнекті,мәдени шежіремізді сақтап,барынша ұлықтауымыз керек. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.52 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 146

Похожие материалы