Қазіргі дүниедегі Қазақстан 11 сынып

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Жалпы білім беретін мектептің жаралыстану-математика бағдары бойынша оқитын 11-сынып оқушыларына арналған бағдарлама.

 

 

Қазіргі дүниедегі Қазақстан

  Бағдарлама жаратылыстану-математика бағытындағы география пәніне бағдарланған 11-сыныптың оқу жоспарындағы қолданбалы курсқа арналған.

 

 

 

Қолданбалы курс бағдарламасы Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі даму белестерін мектеп қабырғасында білім алып отырған балғын жастарға, еліміздің жан-жақты өркендеуін меңгертуге бағытталған.Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілік,өмір сапасының жаңа жоғары стандарттарын құру және қуатты экономикалық өсудің нақты қадамдарын байыпты бағдарлауда.Сондықтан мектептің жоғары сатысында отырған шәкіртке болашақ мамандығында байындық ретінде көмекші құрал бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

           Қазақстанның өазіргі дүниежүзілік аренадағы орны және басқа оң жағдайлары экономиканы реформалау міндеттерін табысты іске асыруда. Бүгінде бүкіл өңір Қазақстанға экономикалық дамудың үлгісі ретінде көз тігіп отыр. Жас Республиканың әлемдік қауымдастыққа сенімді кіруі, Қазақстанның зор әлеуетінің зор көрсеткішіне айналған тарихи кезеңдер, алғашқы қадамдар, қарқынды экономикалық өрлеу, көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекеттегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың өсе түскендігі байқалады. Орта Азия өңірін тұрақтандыруда Қазақстанның өсе түскен ролі елдің, әлемнің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қосылуына мүмкіндік берді.

         Бүгінгі жас ұрпақ өткен күндердің келбетін көз алдына елестете отырып, қазіргі саясат туралы, Қазақстан жүріп өткен жолдың күрделілігі мен ауқымдылығы туралы да талқылай алатын болады. Сондықтан қажетті ақпарат алу үшін орта мектеп түлектерінің Дүниежүзіндегі көптеген елдердің алдында саяси тұрғыдан да, сондай-ақ экономикалық тұрғыдан да Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел бола отырып, Орталық Азияда үлкен рөл атқаратындығын білуі басты міндет. Сонау бір замандарда Қазақ елі не қиындықты көрмеді. Сол қазақ бүгін өз егемендігін алған, тәуелсіз мемлекеттің иесі атанған. Міне жиырма жылға жуық ауқыт бұл күнде біз үшін бір ғасырға татитындай зор мазмұн мен шежіре. Қазақ елі ең алғаш рет тәй-тәй басып, тілерсегі майыса отырып, апыл-тапыл аяқ басып, еңсе көтерген сол бір тұста да көпті көрген көнекөз қария мен ақ сақалды ел ағалары өз тұңғыш Президентіне шын ниеттерімен баталарын берген болатын. Қазақтың «Батаменен ер көгерер, жауынмен жер көгерер!» дейтін аталы сөзі шындыққа айналды. Қазақ елі биік тқрғыдан көрініп, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебесіне ие болды. Еліміз әлемдегі ең алдыңғы қатарлы мемлекеттер шоғырына батыл жақындап, экономикасы мен әлеуеті жағынан мүлдем қуаттана түсті. Бұл күнде Астана туралы айтылар әңгіменің де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланыста болатыны анық. Ол түсінікті де. Елбасының алғыр ойы мен мейілінше алысты болжай алатын сара саясатының нәтижесінде өмірге келген бұл айшықты қала біздің бүгінгі дәуіріміздің дара бел баласы емес, ол тарихтың таңғажайып алтын қазынасына айналып отыр. Оны барша қазақстандықтар әрдайым да орынды мақтаныш етеді. Оны бүкіл Қазақстан болып көтерді. Оның бас сәулетшісі, авторы әрі ұйымдастырушысы, Елбасының өзі болды. Бүгінгі Елорда, айшықты Астана қаласының керемет келбеті, бүкіл Еуразия кеңістігінде орналасқан ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өмір сүруіне мүмкіндік жасап, олардың еш алаңсыз еңбек етуіне, ұрпақ тәрбиелеуіне, бақытты ғұмыр кешуіне оң жағдайлар туғызып отыр. Отандық ғарыштық қызметті тиімді дамыту және оған әлемдік деңгейдегі технологияларды тарту мақсатында «Қазғарыш» шет елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда.

         Еліміздің әл-ауқатын, экономикалық дамуын арттыратын негіз-табиғат пен оның байлықтары. Табиғатымыздың құндылығын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қазіргі таңдағы негізгі өзекті мәселенің бірі және ұлттық міндет болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.33 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 109

Похожие материалы