Б б дыбысы мен әрпі
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Другие методич. материалы
|
Автор:
|
Темирбекова Гулжан Накипбековна
|
Здесь была ссылка на работу Б б дыбысы мен әрпі автора Темирбекова Гулжан Накипбековна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Б б дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылуымен мен жазылуын таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, дұрыс буынға бөлуге үйрету. Дамытушылығы: Жеке тұлғаны дамыту. Танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. Тәрбиелігі: Адамгершілікке, достыққа, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Кеспе әріптер, буындар, суреттер, дидактикалық материалдар. Түрі: Ертегі сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, кестелер. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз. III. Өткенді еске түсіру. М дыбысына сөздер жазып, оқыту. IV. Жаңа сабақ. Біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Балалар қандай ертегі түрлерін білеміз? Олай болса, мына суреттерге назар аударайық. Бұл суреттердің сыртында «Бауырсақ» ертегісі берілген екен. - Бауырсақ дегенде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? - Б б дыбысы. - Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. - Б дыбысын хормен айтқызу. - Бұл қандай дыбыс? Бауырсаққа тоқталу. «Бауырсақ» деген не? Бауырсақ – нан. Бауырсақ – ертегі. Ертегіні түсіндіру. Бауырсақтың өлеңін бір оқушыға айтқызу. Атайдан да құтылдым, Әжейден де құтылдым. Бауырсақты қояннан құтқару үшін оның тапсырмасын орындау. Қоянның тапсырмасы: Жұмбақ шешу. Терісі бар, жүні жоқ, Жүрісі бар, ізі жоқ. Қанаты бар ұшпайды, Су астында қыстайды. (Балық) Жазу жазып жалықпаған, Жаза – жаза арықтаған. (Бор) Иесі анық – сәби, Әрі төсек, Әрі үй. (Бесік) Дәптермен жұмыс. Б б әрпінің баспа түрлерін әліппе дәптерлеріне жаздыру. V. Ойын: «Балық аулау». Бала, барабан, бота, бақа, сабын, балапан, домбыра,қарбыз cөздерін буынға бөлгізу. Қоянның тапсырмаларын орындап, бауырсақты құтқарып алдық. Бауырсақтың өлеңін бір оқушыға айтқызу. Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым. Қояннан да сытылдым,қасқыр сенен құтылу Қиын емес бұл маған Бауырсақты құтқару үшін қасқырдың берген тасырмаларын орындауымыз керек. Қасқырдың тапсырмасы: Бота, сабын, домбыра сөздеріне сөйлем құрату. VI. Суретпен жұмыс. Қыс мезгілінің суреті бойынша әңгіме құрату. Қасқырдың тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық. Бауырсақтың өлеңін бір оқушыға айтқызу. Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым. Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым, Маймақ ,сенен құтылу,қиын емес бұл маған ! Бауырсақты аюдан құтқару үшін, аюдың тапсырмаларын орындауымыз керек. Аюдың тапсырмасы: «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. «Топтастыру» бота бала бұғы Б бақа балапан бүркіт Аюдың тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық. Бауырсақтың өлеңін бір оқушыға айтқызу. Атайдан да құтылдым,әжейден де құтылдым. Қояннан да сытылдым,қасқырдан да құтылдым, Аюдан да сытылдым,түлкі ,сенен құтылу Қиын емес бұл маған ! Бауырсақты түлкіден құтқару үшін, түлкінің тапсырмаларын орындауымыз керек. Түлкінің тапсырмасы: Буындардан сөз құрастыру. Бе ға бал сік ар пе бө ба Түлкінің тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық. Сонымен бауырсақ атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан, түлкіден құтылып шығып біздің ортамызға келіп жетті. Сабақты қорытындылау. Балалар біз не үйрендік? Б қандай дыбыс? Дыбыстарды нешеге бөлеміз? Қай ертегімен саяхатқа шықтық?
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
17.48 Kb
|
Количество скачиваний:
|
17
|
Просмотров: 159
Похожие материалы