Бағдарлама Математикалық логика 1-сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

      Қоғам дамып, уақыт алға жылжыған сайын адамзат

баласы үшін өз маңызын сезіре түскен құндылықтардың бірі-білім.

Ол өз маңызын ешқашан жоймақ емес.

Әлемде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалы бастауыш   сынып оқушыларына да ерекше

 әсерін тигізуде. Осындай кең көлемді  өзгерістер, бала білімінің биіктерге көтерілуі арқылы еліміздің болашағы   жастар бойында білім мен біліктің жаңа сатысын қалыптастыруды талап етеді.

  Сондықтан логикалық есептер баланы ойлауға, қиялдауға, ұстамдылыққа,    еңбектене білуге тәрбиелейді.

   Логика пәнінде берілген жұмыстар оқушының ой белсенділігін,  сапалы ойлана білуін жетілдіреді.

Тек логикалық тапсырмаларды жиі орындайтын балалар ғана тез  шешімге келеді, бағдарлама материалдарын оңай, терең игереді.

1-сыныпқа арналған логикалық тапсырмалар осы қағидаларды  басшылыққа алады.

Берілген тапсырмалар міндеті: оқушылардың ой-өрісін, тілі мен сөйлеуін   үш бағытта дамыту:

1.                 Логикалық

2.                 Жаңалық ашу

3.                 Шығармашылық

Сонымен қатар сабақтағы тапсырмалар олардың  психологиялық

мінез –құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп

Бағдарламасында алған білімдерін толықтырады.

 

 

 

 

 

 

 

Курстың мақсаты:

-Оқушыларға математикалық білім, білік, дағдыларын игерту;

-Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

-Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, бақылағыштық, қиялдау, танымдық іс – әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу;

-Оқушыларды жоғары сыныптарға дайындау, логикалық ойларын дамыту, шапшаң есептеуге үйрету.

 

Курстың міндеті:

-Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

-Ақыл – ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

-Логикалық ойлау қабңлеттерін арттыру;

-Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

-Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;

-Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұстанымдылыққа, шыдамдылыққа, адамгершілшік қасиетке, достыққа тәрбиелеу.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 4.37 Mb
Количество скачиваний: 77
Просмотров: 593

Похожие материалы