Бұқар жырау Қалқаманұлы (9-сынып)

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Домино» ойыны Сұрақ – жауап:

1. Мінезі жаман адамға,

Енді қайтып  жуыспа.

Тәуір  көрер  кісіңмен,

Жалған  айтып  суыспа – деп,  келетін  өлеңнің  аты.  Жауап: «Еділ  бол  да,  Жайық  бол».

2. Қазтуған жырау  қай  ғасырда  өмір  сүрген? – Жауап: ХҮ ғасырда

3. Айналайын  Ақ  Жайық,

    Ат салмай  өтер  күн  қайда?!

    Еңсесі  биік  боз  орда

    Еңкеймей  кірер  күн  қайда?!  өлеңін  жалғастыр.

4. Шалкиіздің  «Қоғалы  көлдер,  қом  сулар»  өлеңін  жатқа  айтып  бер.

5. Ақтамберді  жыраудың  бір  өлеңін  жатқа  айт. («Жауға  шаптым  ту  байлап», «Күлдір-күлдір  кісінетіп»)

6. Шал  ақынның  өлеңін  жатқа  айт.  («Бұл  дүниенің  мысалы», «Ата-ананың  қадірін», «Бақ-дәулет, мал  бітерде: ырыс  қонар»).

Үй  жұмысын  қорыту.

Жыраулар  қисса  толғайды,

Батырлар  жайлы,  ел  жайлы.

Күңіреніп  көне  абыздай,

Замандарды  болжайды.                             (Сырбай  Мәуленов)

 

    Жаңа  сабақ.  ХҮІІІ  ғасыр  қазақ  тарихында  өшпестей  ізін  қалдырды.  Өйткені  ол  кезең,  қазақ  халықтарының  қасіретті,  қайғы  табын  салуымен  ел  есінде.  Жоңғар  шапқыншылары  қазақ  елін  басып  алу  үшін бірнеше  мәрте  шабуылдар  жасаған.  Солардың  ең  үлкені – 1723  жылғы  қазақ  елінің  үдере  көшіп,  елін-жерін  тастап  кетуге  мәжбүр  болып,  қызын  күң,  ұлын  құл  етіп  алған  оқиға  қазақ  тарихында  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  деген  атпен  қалады.  Одан  кейінде  1726  жылы  Бұланты  өзенінің  бойындағы,  1729  жылғы  Балқаш  көлінің  оңтүстік  жағасындағы  соғыстардың  барлығында  қазақ  қолы  жеңіске  жетіп  отырды. Алғаш  рет  қалмақтарды  қирата  жеңіп,  тойтара  соққы  берген – Қанжығалы  Бөгенбай  болатын.  1741  жылы  қалмақтар  қайта  шабуыл  жасап,  қазақ  елі  тағы  да  қырғынға  ұшырайды,  тек Ресей  патшалығының  көмегімен  қазақ  елі  аяғынан  нық  тұрып,  Жоңғар  мен  Қытай  арасындағы  соғысты  ұтымды  пайдаланып,  Жоңғарларға  қарсы  көтеріліс  ашып,  1723-1741  жылдар  аралығында  айрылған  барлық  жерлерін  қайтарып  алады.  Осындай  қиын-қыстау  заманда  өмір  сүріп,  қазақ  халқының  ауыр  қасіретін  жырға  қосқандардың  бірі – Бұқар  жырау  Қалқаманұлы. 

     “Жырау  туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегінін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді”.

 

                                                                                                 Мұхтар Мағауин

Бұқар  жырау  кім?  Ақын, жырау, Абылай ханның  кеңесшісі,  ақылгөй,  поэзияның  ірі  өкілі

Сұрақ – жауап:

1. Бұқардың әкесінің есімі - Қалқаман

2. Бұқардың туған жері – Павлодар  облысы  Баянауыл  ауданы

3. Бұқар қай ғасырда өмір сүрген? - ХҮІІІ

4. Қай қаланың ауданына және көшесіне Бұқар жырау есімі берілді? – Қарағанды  облысы

5. Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген кім? – Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев

 

Сергіту  сәті

1.  Бірінші тілек тілеңіз,

     Пиғылы ...  залымның,  Жаман – плохой – bad 

 

2. Қырық беске келгенде,

...  мен  жаман  демедің.    Жақсы – хорошо – good

 

Жеті  жұмбақ

Арнайы сұрақ

Қазақ әдебиеті

География

Биология

Тарих

Қазақ әдебиеті

Сурет жұмбақ

Математика

Қазақ тілі

 

1. Арнайы сұрақ:

     “Жырау  туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегінін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігімен, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді”.  Кімнің  сөзі? Жауап:  Мұхтар Мағауин

2. Қазақ  әдебиеті:

    Елу  жасқа  келгенде,

    Үш  жүздің  баласының

    Атының  басын  бір  кезеңге  тіредің, - деген  өлең  жолдары Бұқар  жыраудың  қай  өлеңінен  алынған үзінді – Жауап: «Ей, Абылай, Абылай!»

3. География:

   1729 жылы  қалмақтар  мен  қазақтардың  айқасы  қай  жерде  болды? – Жауап: Балқаш  көлінің  оңтүстігінде

4. Биология:

   Бұқар  керейлерге  өзінің  Әлділігін  қандай  жануардың  терісі  арқылы  білдіреді? – Жауап:  Өгіз  терісі

5. Тарих:

   Бұқар  өмір  сүрген  кездегі  қазақ  елінің  тарихи  жағдайы  қандай  еді? – Жауап:  Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама  көтерілісі  болған  еді

6. Қазақ  әдебиеті:

   Жыраудың  «Бірінші  тілек  тілеңіз»,  «Керей,  қайда  барасың?»  деген  өлеңдерінің  тақырыбы  не? – Жауап: Ел  бірлігі,  ынтымақ

7. Сурет  жұмбақ:

    Мына  суреттегі  тұлға  Бұқар  жыраудың  өлеңдерін,  еңбектерін  жинап  қағаз  бетіне  түсірген.  Бұл  кім? – Жауап: М.Ж.Көпеев

8. Математика:

   Бұқар  жырау  қай  жылы,  неше  жасында  дүниеден  өтті? – Жауап: 1781  жылы  113  жасында

9. Қазақ  тілі:

   Жырау.  Ерлік. Тәуелсіздік.  деген  сөздерді  байланыстырып  сөйлем  құра.

Жедел  жауап:

  1. Бұқар қай жылы дүниеге келді? – 1668  жылы
  2. Бұқар қай ханның кеңесшісі  болған? – Абылай  ханның
  3. Абылаймен соғысқан қалмақ  ханы – Қалдан  Серен
  4. Алғаш рет қалмақтарды  жеңген батыр – Бөгенбай  батыр
  5. Бұқар жырау өлеңдерінің  құрылысы неше буынды? – 6-7  буынды
  6. “Өлмегенде не өлмейді”  деген  сұраққа  Бұқар қалай жауап  берген? – Жақсының  аты  өлмейді,

Ғалымның  хаты  өлмейді.

Үй  жұмысы

“Ей, Абылай, Абылай!” өлеңінен  үзінді жаттап келу.

 

Бағалау.

Сабақты  қорыту.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 62.5 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 159

Похожие материалы