Бастауыш және жоғарғы орыс кластарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен күнделікті сабақ жоспарлары
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Алтаева Гулбахарам Маликовна
|
Қазақ тілі. 2-сынып 19.12.2014
I.Сабақтың тақырыбы: Бөлме
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушылардың сөздер мен сөйлемдер, оларды дұрыс жаза білуі,тыныс белгілер туралы білімдерін тексеру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен есте сақтау қабілеттерін дамыту; Б)тәрбиелік: тазалыққа, достыққа баулу.
ІІІ.Сабақтың түрі: бақылау сабағы, жазба жұмысы
IVСабақтың әдісі: баяндау, бақылау
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Сынақхат жұмысы екендігін түсіндіріп, жеке-дара орындауы үшін жағдай жасау.(Оқушыларды жеке отырғызу).
Ә) Жаңа сабақ. Оқушыларды алдымен сынақхаттың мәтінімен екі рет оқу арқылы таныстырып,күрделі сөздерді тақтаға жазып қою. Содан соң мәтіннің әр сөйлемін жеке-жеке мәнермен оқи отырып,( тыныс белгілерге тоқталып),сынақхатты жазуға кірісу.Әр оқушының дербес, бір-бірінен көшірмей жазуы қадағаланады.Сынақхат мәтіні:
«Бөлме»
Мынау кең және жарық бөлме.Бөлмеде көп зат бар.Еденде әдемі кілем жатыр.Бөлмеде бір есік, екі терезе бар.Әсет және Оспан диванда отыр. Олар – жақсы достар (27 сөз)
VI. Қорытындылау. Сынақхатты басынан бастап, қайта оқып, тексерту.
VII.Үйге тапсырма. Өткенді қайталау.
VIIІ.Бағалау.
Қазақ тілі. 4-сынып 12.12.2014
I.Сабақтың тақырыбы:
Өткен сабақтарда өткен материалдардан құралған тест тапсырмалары
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушылардың осы уақытқа дейінгісөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер, жіктік жалғаулары т.б. туралы алған білімдерін тексеру.
Ә)дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлану, шешім қабылдап үйрену қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, қорытынды шығарып үйренуге тәрбиелеу
ІІІ.Сабақтың түрі: Бақылау, сұраққа жауап беру.
IV.Сабақтың әдісі: тест тапсырмаларынан сұрақтар қою
V.Cабақтың көрнекілігі: тест тапсырмалары жазылған парақшалар
VІ.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау.
Б) Бақылау сабақ. Тест тапсырмаларын орындауға әзірлеу,түсіндіру.
Әр оқушыға осыған дейінгі сабақтарда өткізілген материалдардан құралған тест тапсырмалары жазылған парақша таратылады. Тест 20 сұрақтан тұрады да, әр сұрақтың төрт жауабы болады. Оқушылар дәптерге тест тапсырмасының реттік нөмірін және жауабын қосып жазады. Әр оқушының дербес, бір-бірінен көшірмей орындауы қадағаланады.
VІI. Қорытындылау. Қай сұрақтар қиындық тудырды?
VIIІ.Үйге тапсырма. Өткен сабақтағы материалдарды қайталау.
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі. 10-сынып 22.12.2014
5-тақырып. Сенің есімің қандай мағына береді?
I.Сабақтың тақырыбы: Дүниеге сәби келді
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: күрделі сөздер, олардың түрлері, жалғауларн мен олардың түрлері, салалас құрмалас сөйлемдердің туралы білімдерін кеңейту;
Ә)дамытушылық: астарлы ойды аша білу, сөйлем құрау мен ойын ашық айта білу қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: қазақы салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.
V.Сабақтың көрнекілігі: Салт-дәстүрден құралған сұрақтар жазылған парақшалар
VI. Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Салалас құрмаластың алты түріне бір-бірден қосымша әдебиеттерден мысалдар жазу, морфологиялық талдау жасау.
Б) Жаңа сабақ. Оқушылармен бірлесе отырып, қазақы салт-дәстүрлер туралы қысқаша айтып өту. Дүниеге сәби келуімен байланысты салт-дәстүрлер туралы айту, қазіргі таңдағы көрінісі туралы әңгімелеу. Сөздердің түрлері, соның ішінде, күрделі сөздерге қайсысы кіретіндігі туралы еске түсіру, мысалдар келтіру. Жалғаулар мен олардың түрлерін айту,мысалдар келтіру.
В) Жаңа сабақты бекіту тапсырмаларын орындау.
1-тапсырма, мәтінді оқушыға мәнерлеп, түсінікті етіп оқыту, түсінгендерін сұрау.
2-Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жазу, қай түрі екенін ажырату.
3-Сөйлемдердің сыңарларын мағыналарымен сәйкестендіріп жазу. Синтаксистік талдау жасау. Қандай сөйлем түрі екенін талдау.
5-тапсырма, күрделі сөздерді жіктеу, септеу, тәуелдеу.
VІI. Қорытындылау. Оқушыларға қазақы салт-дәстүрлерден құралған сұрақтар таратылады.
1. «Сүйінші» деген не? Мысал келтір.
2. «Шілдехана» сөзінің мағынасын түсіндір.
3. Сәби туылғаннан кейінгі ырым-тиымдарға тоқтал.
VIIІ.Үйге тапсырма 4-тапсырма, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазу, Синтаксистік талдау жасау.
ІХ.Бағалау.
Қазақ тілі. 1-сынып 22.12.2014ж
5-модуль. Робот – менің досым
I.Сабақтың тақырыбы: Кел жаттығайық!
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушылардың әріптер мен дыбыстар туралы білімдерін кеңейтіп,кім,не? сұрақтары, олардың ерекшеліктері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: Оқушыларды әріптерді құрап, оқуға, ойын толық айта білуге,сөздерді қазақшадан орысшаға және кері қарай аударуға,ойлай білу мен сөйлеуге, санай білуге, есте сақтау мен жазып үйренуге баулу;
Б)тәрбиелік: Шапшаңдыққа,жауапкершілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас
IVСабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақтар шешу.
V.Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі фигуралар мен қазақтың төл әріптерінің үлкейтілген суреті,адам мүшелерінің суреттері.
VI.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.Балалардың сабаққа бар назарын салып тыңдауын ұйымдастыру. Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Сенің басың, сенің көзің, сенің қолың, сенің аяғың сөз тіркестерін жазу. 4-тапсырма,3-тапсырма жаттау.
Б) Жаңа сабақ Оқушыларға бұйрықты сөйлемдер мен сұрақтар туралы түсіндіру, мысалдар келтіру. Олармен бірлесе отырып, тәулік аттарын ретімен айтып шығу, орысша аудармаларын айту. Реттік сан есімдер туралы түсінік беру. Мысалдар келтіру.
Бейтаныс жаңа сөздердің орысша-қызықша атауларын жаттау.
Жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар орындау.
2-тапсырма, сөйлемдерді оқу.
3-тапсырма, бұйрықты сөйлемдерді оқу, орындау.
В)Сергіту сәті 3-тапсырмадағы сергітуді жаттау, жасау.
4-тапсырма, жұмбақ өлеңді қайталау, жауабын шешу.
2-тапсырма,санамақты оқу, қайталау.
VII. Қорытындылау. Әріптерді көрсетіп, әр оқушыдан сұрау.
VIII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма жаттау, тәулік аттарын жазу.
IX.Бағалау.
Қазақ тілі. 4-сынып 19.12.2014
7-модуль. Уақыт. Зат есімнің септік жалғаулары
I.Сабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс. Уақыт
ІІ.Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: оқушыларға зат есімнің септік жалғаулары, сұрақтары, уақыт өлшемдері туралы білім беру;
Ә)дамытушылық: сауатты жазу мен оқу, ойлану,есте сақтау, орысшаға және кері қарай аударма жұмыстарын жасай білу, сөйлем құрау қабілеттерін дамыту;
Б)тәрбиелік: уақытты үнемді пайдаланып, жоспар құра білуге, бос уақытын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
ІІІ.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IVСабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
V.Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау. Өткенді қайталау.
Б) Қатемен жұмыс. Өткен сабақта жүргізілген бақылау сынақхатында жіберілген қателермен жұмыс жасау. Дұрыс нұсқаларын тақтаға, дәптерге жазу. Есте сақтауларын қадағалау.
В) Жаңа сабақ. Зат есімнің септік жалғаулары, сұрақтары туралы түсіндіру, мысалдар келтіру. Уақыт өлшемдері туралы оқушылармен бірлесе отырып, түсіндіру. Ең кішісінен ең үлкеніне дейін айтып өту. Дәптерге жазу. Сағаттың өлшем бірліктерін айту. Сағатты тани білудің ерекшеліктерін түсіндіру.
Бейтаныс, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
Г) Жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар орындау.
1-тапсырма, диалогті оқу, орысшаға аудару.
3-тапсырма, уақыт өлшемдерінің, жыл мезгілдері мен сағаттың өлшем бірліктерін, тәулік өлшемдерін есте сақтау, қайталау.
5-тапсырма, берілген сөйлемдердегі сан есімдерді сөзбен жазу.
VII. Қорытындылау. Сен қай жыл мезгілін ұнатасың?Оқушыларға сұрақтар қою.
VIII.Үйге тапсырма. 4-тапсырма, сөйлемдерді аяқтап жазу.
ІX.Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 118.76 Kb |
Количество скачиваний: | 32 |