Бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған орыс кластарындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнедерінен тесттер жинағы

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Тесты
Автор:

Тест  сұрақтары   3-сынып. Қазақ тілі

1. Отбасы  мүшелеріне кірмейтін  сөзді  тап.

А)ана;    ә) әке;      б) мысық;     в) қарындас.

 

2. Тәуелдік  жалғауы қалай жалғанады? Дұрысын тап. Менің ата+

 А) сы;     ә) м;      б)ң ;      в) мыз.

 

3. Дұрыс  жазылған  сөз  тіркесін   тап.

А) сенің  әкесі;   ә) сенің  әкем;   б) сенің  әкеңіз;   в) сенің  әкең.

 

4. Жалғау  дұрыс  жалғанған  сөзді  тап.

А) қарындасымде;  ә) қарындасымта; б) қарындасымда;

 в) қарындасымте.

 

5. Менің  әкем- дәрігер.Дұрыс  аудармасын тап.

А) мой  отец-учитель;   ә) Мой  отец- инженер; б) мой  отец- водитель; 

в) мой  отец- врач.

 

6. Інісі  сөзіне  қажеттісін  (нужное)  тап.

А) оның;   ә) менің;  б)  сенің;  в)  біздің.

 

7. Дұрыс  жазылған  сөйлемді  тап.

А) Менің  үлкен  отбасым.ә) Менің  отбасым  үлкен. б) Үлкен  менің  отбасым;  в) Үлкен  отбасым менің.

 

8. Үшінші  сөзінің  сұрағы  қайсысы?

А) қайда?   ә) қашан?     б) кім?        в)нешінші?

 

9. Дұрыс  аударманы  тап. Қонақ  бөлме -  жарық.

А) Спальня светлая;  ә) гостиная  светлая;  б) кухня  светлая;  в) ванная  светлая.

 

10. Тоңазытқыш  қай  бөлмеде  тұрады?

А) жуынатын;  ә) жатын;   б) ас  бөлмесі;  в) қонақ  бөлме.

 

11. Столдың  үстінде  гүлдер. Дұрыс  аудармасын  тап.

А) на  столе  цветы;   ә) под  столом  цветы;  б) возле  стола  цветы; 

в) за  столом  цветы.

 

12. Дұрыс  жалғанған  жалғауды  тап.

А)  Омаровбен;    ә) Омаровфен;  б)  Омаровмен;  в)  Омаровпен.

 

 

13. ...  жинау  керек. Нүктенің  орнына   керегін  қой.

А) бөлмеден;   ә) бөлмемен;  б) бөлмені;  в)  бөлмеге.

 

14. У  тебя  есть  брат. Дұрыс  аударманы  тап.

А)  сенің  ағаң  бар. ә) менің  ағам  бар. б) оның  ағасы  бар. в) біздің  ағамыз бар.

 

15. Отбасы  мүшелері нешеу? Әкесі, анасы, атасы, әжесі, апасы, інісі.

А) бесеу;    ә) алтау;    б)  төртеу;     в) үшеу.

 

16. Қарауға   арналған  бөлме  заты.

А) шам;   ә) кереует;  б) теледидар;   в)төсек.

 

17. Қажетті  сөзді  тап. Үйде  жоқ  апашым.

                                                   Үйде  жоқ  әкешім.

                                                   Жинадым     ...

                                                   Суардым  көшетті

А) үйді;    ә) бөлмемді;   б)  киімді;    в)  төсекті.

 

18. За  столом.Дұрыс  аудармасын  тап.

А)  столдың  артында;   ә) столдың  астында;  б) столдың  үстінде;  

в) столдың  қасында.

 

19. Жұмбақтың  жауабын  тап.  Ол  жұмса  көзін,

                                                                   Ұйықтаймын  өзім.

А) теледидар;  ә) сағат;  б) шам;   в)  терезе.

 

20. Киім  қайда?  Дұрыс  жазылған  сөз.

А) шкафтың;  ә) шкафқа,  б) шкафпен;  в) шкафта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест  сұрақтары. 4-сынып

 

1.     Дұрыс  жазылған  сөзді  тап.

А) Айшаныкы;  ә) Айшанікі;  б) Айшаныкі;   в) Айшанікы.

 

2.     Дұрыс  тәуелденген  сөз. Менің   ...

А) отбасың;    ә) отбасы;  б) отасым;   в)  отбасымыз.

 

3.     Дұрыс  аудармасын   тап.  Мен  (урок)  оқыдым.

А)  мен  сабақ  оқыдым. ә) мен  кітап  оқыдым;    б) мен  оқулық  оқыдым;  в) мен  пән  оқыдым.

 

4.     Теплые  сапоги. Дұрыс   аудармасын тап.

А) жаңа  етік;   ә) жайлы  етік;  б) жылы  етік;  в)  жұқа  етік.

 

5.     Сағаттың  қысқа  тілі  нені  көрсетеді?

А) секундты;  ә) сағатты;  б) минутты;  в) ештеңені.

 

6.     До  аула  тіркесінің  аудармасын тап.

А) ауылдан  кейін;  ә) ауылға  дейін;   б) ауылдан  соң;  в) ауылдың

қасында.

 

7.     Жалғаулықтардың  дұрыс  қойылғанын  тап.

А) нан  мен  шай;  ә) нан  бен  шай;  б) нан  пен  шай;  в) нан  бенен  шай.

 

8.     Жалғауы  дұрыс  жалғанған  сөйлемді тап.

А) Мен  базардан  бардым;  ә) Мен  базарда  бардым; б) Мен базарға  бардым;  в) Мен  базарды  бардым.

 

9.     Дұрыс  жазылған  сөзді  тап.

А) хаюанаттар;  ә) хайюанаттар;  б) хайуанаттар; в) хаиуанаттар.

 

10.Жыл  мезгілі  нешеу?

А) 12;   ә) 4;    б) 3;    в) 6.

 

11. Буынға  дұрыс  бөлінген  сөзді  тап.

А) ә-нұр-ан;   ә) ән-ұ-ран;   б) ә-нұ-ран;    в) әнұ-ран.

 

12. Буынның  неше  түрі  бар?

А)  4;   ә) 5;   б)  2;   в) 3.

 

13.« Президент»   сөзінде  неше  буын  бар?

А)  3;      ә) 4;       б) 2 ;      в) 5 .

 

14.Күзде  (фрукты)  піседі. Аудармасын  тап.

А) Күзде  көкөністер  піседі;   ә) Күзде алма   піседі;   б) Күзде  жидектер  піседі;  в)  Күзде  жемістер  піседі.

 

15.Маусым,  шілде,  тамыз  қай  мезгілдің  айлары?

А) жаз;   ә)  күз;  б)  көктем;  в)  қыс.

 

16. Дауысты  дыыбстарды  тап.

А) б,в,г,ғ;      ә)а ,ә,о,ө;      б) е,и,б,д;     в) а,ә,б,в.

17. Дауыссыз  дыбыстарды  тап.

     А) б,в,г,ғ;      ә)а ,ә,о,ө;      б) е,и,б,д;     в) а,ә,б,в.

 

18 . Рәміздерді  ата.

    А) мемлекет, президент, әнұран;   ә) ту, елтаңба, әнұран;

   б) Астана, Қазақстан, Отан;  в) ту, президент, Қазақстан.

 

19. Сөздегі буын саны немен  сәйкес  (бірдей) болады?

   А) дауыссыз дыбыспен;   ә) дауыссыз  да, дауысты да;  б) дауысты      дыбыспен;  в) ешқайсысымен.

 

20.  Көптік  жалғауын  дұрыс  жалға. Бала +...

   А) балалар;   ә) балалер;  б) балатар;  в) баладар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест сұрақтары

 

1.     «Үлкен бастайды, кіші қостайды»,-деген мақалдағы «үлкен» сөзі қай сөйлем мүшесі?

А) баяндауыш, ә) бастауыш, б) толықтауыш, в) анықтауыш.

 

      2. «Қала» сөзін бірінші жақта, көпше түрде тәуелде.

            А) қалаң, ә) қалам, б) қалаларың, в) қалаларым.

 

      3. «Көңілінен» сөзіндегі   -нен жалғауы?

           А) табыс септігі, ә) жатыс септігі, б) шығыс септігі, в) көмектес                 

              септігі.

 

       4. Қай зат есім жіктелмейді?

     А) Асқар, ә) ұят, б) атбегі, в) ұшқыш

 

 5. Ауыл маңы ән сазына  бөленді. Қайсысы   көмекші есім?

     А) ауыл, ә) сазына,  б) бөленді, в) маңы.

 

 6. Толықтауыштың сұрақтары?

     А) кімге, неге? ә)кімнің, ненің? б) қайда, қашан? в) қалай, қайтіп?

 

 7. Тәуелді септеуде тұрған сөз қайсысы?

     А) ауылға, ә) мектебіңде, б) далада, в) дәптердің.

 

 8. Қайсысы астарлы ұғымда жіктеліп тұр?

     А) Біз – сұңқармыз, ә) Ол-оқушы, б) сен- оқымыстысың; в) мен-

     Қайратпын.

 

 9. Жалқы есімді тап.

      А) көл, ә) Талдықорған, б) аспан, в) үтір

 

 10. Ол сабақты зейін қоя тыңдады. «Зейін қоя» қай сөйлем мүшесі?

      А) Баяндауыш, ә) анықтауыш, б) пысықтауыш, в) толықтауыш.

 

 11. Оян, қазақ, бекер жатпа! Қаратпа сөзді тап.

      А) Оян, ә) қазақ, б) бекер, в) жатпа.

 

  12. Қазақ тілінде қанша жалғау түрі  бар?

      А) 3, ә) 4, б) 2, в) 7

 

  13. Қайсысы орфоэпиялық нормаға сай  жазылған?

      А) мазасы гету, ә) сыйлық, б) эконом, в) географ.

 

  14. Көптік жалғауда тұрған сөз.

      А) қаласы, ә) үйлерің, б) гүлмен, в) алды.

 

  15. Республика сөзінде неше буын бар?

     А) 3, ә) 2, б) 4, в) 5.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 120.87 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 135

Похожие материалы