«Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойындар – баланың ойын дамытудағы басты құрал»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
«Бастауыш сыныпта қолданылатын дидактикалық ойындар – баланың ойын дамытудағы басты құрал» - деп алдым. Баланың ойын дидактикалық ойындар жұмысына баулып, олардың ойынға белсенділіктерін, қызығушылығын дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.          Олар мыналар:          1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (құрастырмалы ойындар, қозғалмалы ойындар, сергіту ойындары тағы басқалар) 2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытта жұмыс, қиялдау ой арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп ойнату,ойын балалардың ойлау қабілеттерін арттырады. 3.. Әр бөлімінде халқымыздың ұлттық ойындарын қолданамыз. 4. Осы сабақтарды  қызықты  өткізу үшін  математика сабағынан есеп шығару ойындары, әліппеден әріптер жайлы ойындар (әріптерді шапшаң тауып, орнын табу), дене шынықтыру сабағынан қимыл-қозғалыс ойындарын, яғни әр пәнге дидактикалық ойындарды қолдандым. 5. Венн диограммасын, үлестірмелі карточкаларды, сөзжұмбақтарды, ребустар, дидактикалықойындарды қолданып, сабақты қызықты жүргізумен балалардың сабаққа қызығушылықтарын,ойлау қабілеттерін қалыптастыру. 6.  Мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, сауалғылар қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, ой-белсенділігін арттыру. 7. Мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрастыру, шығармашылық қабілеттерін, көз зерделерін, есте сақтау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.       Бастауыш  сыныптарда  ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруымыз керек:      1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.     2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.      3. Ойынға сыныптағы балалардың  түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.      4. Ойынның жүру барысында  балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.     Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын  арттырады. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.62 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 181

Похожие материалы