БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Смагулов Досжан Мелсович
|
Болашақ олимпиада жеңімпаздарын бала күнінен дайындау қажет. Ол неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым пайдалы. Болашақ музыкантты немесе бишіні дайындау бала күнінен 4-7 жастан басталатынына ешкім таң қалмайды. Балалық шақта би өнерінің, не музыканың небір нәзік сырларын жетік меңгеру немесе музыканы ести білу қабілетін және ырғақты сезінуін дамыту, буындардың икемділігін, саусақтардың шапшаңдығын қамтамасыз ететін арнайы дайындықсыз мүмкін емес.
Балалық шақтағы бос өткен әр жыл кейіннен көп жылдардағы қажырлы еңбек арқылы ғана орны толады.
Ғылымда, әсіресе, математикада мәселе басқаша болар деп ойлауға болмайды. Әрине, болашақ математикті 4-7 жастан бастап дайындау міндетті емес (әбден мүмкін бола тұрса да). Алайда бұл жұмысты толығымен мектептің жоғарғы буыны мен жоғарғы оқу орындарынының мойнына жүктеп қоюдың да жөні жоқ. Мәселенің мәнісі мынада: математика саласында еңбектену - ақыл ойдың қабылдағыштығын абстрактілі ойлай білу, белгілі бір логикалық мәдениет болуын талап етеді.
Осы мақсатта Қ.Т.Нұрпейісовпен бірлесіп әдістемелік құрал жазған едік. Оқып көріңіздер, қажеттеріңізге жарайды деген сенімдеміз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 354.5 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |