Бастауышым-балбұлағым

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Кіріспе сөз: Мұғалім Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда, Жол табар қараңғыда адасқанда . Мал озбас біле білсең білім озар, Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым-балбұлағым«атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер! Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.  Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат. Алдына түсіп ананың. Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да  Мұндай күй болған сірә қаншаңызда  Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4 «Б» сыныбын  ортамызға! Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді. Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-«Б» сынып оқушылары. Осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.87 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 160

Похожие материалы