Баяндама: Ақпараттық технология мен электрондық оқулықтарды қазақ әдебиеті сабағында пайдалану
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Курмангалиева Баян Бериковна
|
Оқушыны жан-жақты дамыту үшін барлық пән қажет, бірақ оның рухани байлығын, адамгершілігін, мәдениетін тәрбиелейтін яғни оның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін – әдебиет пәні. Әдебиет сөзінің шығу төркініне үңілсек, арабтың «адаб – сөз» деген сөзінен шыққан, ол «үлгілі сөз», «асыл сөз» деген мағына білдіреді. 12 жылдық білім беру жүйесінде «Филология» білім саласына кіретін «Қазақ әдебиеті» пәні сөз өнерін таныту құралы ретінде мынадай компетенцияларды қалыптастыруды көздейді: қазақ әдебиетінің классикалық көркем туындыларын өз халқының төл мәдениеті ретінде елжандылықпен меңгере алу, алған білімдерін әлемнің ғылыми бейнесін түсіне білуде, әлеуметтік мәні бар мәселелер мен әр түрлі жағдайларда пайдалана алу, көркем әдебиетті оқытудың негізгі түрлерін ажырата алу, көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық тақырыптық мәнін аша отырып, өз көзқарасын білдіре алу, көркем шығарма кейіпкерлерінің бейнесін тани алу. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын терең меңгеруіміз керек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.94 Kb |
Количество скачиваний: | 5 |