Баяндама "Қазақ тілі мен ана тілін оқытудың негізгі мектеп арасындағы сабақтастығы
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Нургалиева Гульнар Океновна
|
Бастауыш сатыда ана тілі мен қазақ тілі пәнін оқытудың сапасы мен мақсатын жетілдіру бүгінгі күн талабы. Халқымыздың зиялылары бұл мәселені ерте сөз қылған. Солардың бірі – Мағжан Жұмабаев: өзінің «Бастауыш класта ана тілі» еңбегінде «Ана тілін оқыту дегенді балаға хат таныту деп түсіну қате. Мектептің міндеті бір жақтан хат таныту болса, екінші жағынан баланы сөйлету. Бала мектепке келмей-ақ сөйлейтін болса, бірақ ол сөйлегенмен сол сөзінің мағынасын дәл білмейді.
Һәм дұрыс қылып, сұлу қылып сөзбен жарыққа шығара алмайды»- дейді. Сонымен бірге өзінің «Педагогика» еңбегінде «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы мұғалім» деп, мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді. Себебі оқушыға сөздің мағынасын ашуға, сұлу қылып сөйлеу үшін ана тілін оқытатын – мұғалім. М. Жұмабаев өз жұмыстарын ұсынады. Бастауыш сатыға ұсынатыны:
1. Белгілі бір пікір жобасымен дұрыс сөйлеу, жазу.
2. Әдебиет әсерлерін кестелі, кестесіз, сурет жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу.
3. Оқығанды суретке салу, әдебиет әсерін сахнаға айналдыру.
4. Оқыған, болған оқиғаларға журнал шығару, журнал жадығаттарын оқу, талқылау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 33 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |