Баяндама "БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР "

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:



 Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

 Елбасы Қазақстан халқына жолдауында бүкіл дүниежүзі елдері арасындағы алдыңғы 50 мемлекеттің бірі болу мақсатында: бәрі де мектептен басталады. Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Білім бастауы – бастауыш мектептен берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр түрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосатынын ескерген.

Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – оқушының жас ерекшелік және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, оқушы тұлғасын дамыту, оқу іс - әрекетінің негізгі компоненттерін игеру. Мектеп – келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдар киелі ұя.

«Қыран  түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғам тірегі.         

Қазақстан Республикасының  жоғары педагогикалық  білім беру тұжырымдамасында  «Жаңа  формация мұғалімі – кәсіби дағды мен  педагогикалық  дарыны қалыптасқан , жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ізгілігі мол әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен  зерттеуші ретінде қарайтын ақпараттық технологияны  толық меңгерген, коммуникативтік,  бір сөзбен айтқанда  толыққанды  құзырлы адам.Қазіргі инновациялық технологияларды қолдану  оқушылардың ой өрісін, қиялын еркін дамуына, танымдық қабілетінің дамуына, жан - жақты білім алуына жағдай жасайды. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін  инновациялық технологияларды тиімді қолдану қажет. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа, баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Яғни  әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану; Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру; Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру деп ойлаймын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.25 Mb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 118

Похожие материалы