Баяндама "Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес информатиканы оқытудың басым мақсаттары"

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Жакупбекова Инкар Муратовна,

Садуақас Сатыбалдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

 

Павлодар облысы,

Лебяжі ауданы,

Қызылқоғам ауылы.

 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес информатиканы оқытудың басым мақсаттары

 

 «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім
қандай болса, мектеп сондай болмақшы.

Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен

балалар көбірек білім алып шықпақшы.

Солай болған соң, ең әуелі мектепке

керегі – білімді, педагогика, методикадан

хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.»

(Ахмет Байтұрсынов).

 

           Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми- техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. XXI ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Қазақ мектептерінде информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру бағытында оқушыларға теориялық білім беру және практикалық калыптастыруда оқытудың тиімді әдістерін анықтап, пайдалану білімді ізгілендіру мен демократияландырудың, саралап оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

         Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылдардың басында алғанына қарамастан, информатиканы оқыту саласы елімізде бірден дамып кете алмады. Ал қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  жалпыға міндетті  білім  беру стандарты «информатика» пәнін оқытуға қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дәйектілігі осы кезеңдегі білім беру үдерісінің жағдайына толықтай сай деп айтуға болады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.33 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 132

Похожие материалы