Баяндама «Мүмкіндігі шектеулі балалармен ойынды ұйымдастыру ерекшеліктері»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Статьи |
Автор: |
Байгенжина Катез Тулеубаевна
|
Ойын тәрбие берудегі – ең тиімді тәсілдердің бірі. Қазақ халқының ұлы ойшылы А Құнанбаев айтқандай «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болар ма»? Баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірді тануы еңбеке араласуы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын мен еңбектің бір- біріне ұқсас сипаттары көп . Оқушы өзін қоршаған ортаны, айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым- қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Ойын кезінде бала ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиялы, шығармашылық қабілеті артады және жеке тұлға болып қалыптасады.
Ойын өткізу кезеңдері. Ұйымдастыру. Жаңа ойынды баяндау. Ойынды өткізу. Өткізілген ойынды талдау, қортындылау.
Ойын –тәрбие құралы ойды, тілді дамытады. Баланың мінез-құлқын тәрбиелеп, адамгершілікке жетелейді. Ойынның басты тәрбиелік мәні болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу. Сюжеттік –рөлдік ойындардың түрлері өте көп. Мысалы «Дүкенші» ойыны санау,
ақшамен жұмыс жасуды үйретеді, сыпайлыққа,шыдымдылыққа тәрбилейді.
«Жүргізуші» -ойыны , жол ержесін білуге, жолаушыларды сыпайлыққа,үлкенді сыйлауға, орын беруге, оқушылар мәнерлеп сөйлеуді, сөздік қорды байытады, өмірді танытады. «Дәрігер», «Ұстаз», «Аспазшы», тағы көп мамандық иесін айтуға болады.
Көпшілік адамдармен қарым-қатынас жасауға, айналасына қайырымды, адал болуға, қиналған кезде қол ұшын беруге басқалардың сөзін тыңдауға,берілген тапсырманы аяғына дейін орындау, жауапкершілікке, өзіне берілген рөлді образды көрсетіп, жеткізе білуге шығармашылық дербестігін дамытады.
Үстел үсті ойындары –домино, мозайка, құрастырмалы ойыншықтар, пазылдар, лотолар арқылы, оқушылардың ойын, саусақ қимылдарын дамытады.
Ойын- балалардың күнделікті тиімді іс- әрекеті. Ол балалар үшін қоршаған ортамен қарым- қатынас кезінде туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын іс- әрекеттің бір түрі. Ойын баланың іс- әрекет формасы ретінде оның психикалық процестерінің және тұлғалық белгілерінің сәйкестілік дамуына мүмкіндік тудырады. Үйретушілік, түзетушілік, тәрбиешілік міндеттерді шеше отырып ойындарды ебімен қолдану балалардың шаршағандығын азайтады, балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, көпшілдігін, ынталандыру дағдысына бейімдейді. Ойын балалардың сөздік қорын молайтуға және белсендіруге, сөздерді дұрыс және еркін қолдануға, сұрақтарға толық жауап беруге, сөздерді орнымен байланыстыруға, сөйлемнің дамуына толық мүмкіндік береді. Ойын барысында барлық әрекеттерін сөзбен білдіру, сөйлеу әрекетін белсендіруге қажетті жағдай жасау, есту, көру, сипау- сезу қабылдауларын, психикалық процестерін, көріп есте сақтаудын дамыту жүзеге асыады.
Ұсынылған ойындардың басым көпшілігі балаларды оқытудың алғашқы жылына арналған, себебі осы кезеңде сөздік материалды игерудің ойындық мүддесін туғызуға мол мүмкіндік бар. Ойындарды өткізу кезенде төмендегідей жалпы талаптар мен нұсқауларды еске алу қажет.
Ойынды өткізу процесінде, әсіресе, сөйлеу тілін игерудегі қиындықтары бар балаларға қатысты топтық сабақ және сабақпен бірлесуі қажет.
Мектепте немесе отбасында жеке сабақтарда ойынды өткізу процесінде баланың сөйлеу тілінің деңгейіне және оның жеке ерекшеліктеріне бағдарлау қажет.
Балалық шақ – бала бойына адамгершілік қасиетінің қалыптасатын кезі. Сондықтан балангы жас кезінен бастап ізеттілік, инабаттылық, мейірімділік сезімдерін қалыптастыру ата- ана мен ұстаздардың міндеті. Баланы жан- жақты дамыту үшін әр түрлі ойынды қолданған жөн. Ойын- бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын барысында баланың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейеді.
Ойын баланың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырады. Бала ойын үстінде өзіне ұнаған адамның іс- әрекетіне еліктеп қайталайды, сол адамға ұнағысы келеді. Баланың инабатты,қайырымды, әдепті болып өсуі қоршаған ортасына байланысты екені мәлім. Бала өмірде көрген, білгендерін ойын арқылы айқын бейнелейді. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысу, басқа балалармен тіл табысу, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Әсіресе зият дамуында кемістігі бар балаларды айта кеткен жөн. Мысалы, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамайтын рөлді ойнап қиынға тиеді. Сондықтан да мұғалім балаларды өз қызығушылығымен, ынтасымен қатыстыруы керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетеді. Мұғалім ұжымдық ойынды қызықты тартымды өткізсе, балалардың бір- бірімен достық қатынастары қалыптасады. Ойын кезінде досының айтқанымен керісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын бірден бір жол. Мұғалім ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, бала бойындағы жақсы қасиеттерді дамыта отырып мінез- құлқын қалыптастырады. Баланың достық сезімі ойын кезінде дами түседі.
Баланың әрекетінің негізгі бір түрі- ойын, қай бала болмасын жеке ойнағаннан гөрі, топтасып ойнаудың қызықты, мазмұнды болғанын түсінеді. Соның нәтижесінде балалардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары нығая түседі.
Мұғалім балалардың қарым- қатынастарын бақылау арқылы әр баланың мінез- құлқын, бала бойында жағымды, жағымсыз қылықтарын ескере отырып, жеке жұмыс жүргізеді. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, әдептілікке, қайырымдылыққа баулиды, мұғалім балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отырғаны жөн. Балалардың ойынды өз қалауымен бастауы, өз еркімен қатысуы аса маңызды. Ойын барысында баланың өмір танымды кеңейді, ұйымшылдыққа үйренеді. Білім дағдыларын қалыптастыру мен танымдық әрекеттерін нығайтуда зейін тұрақтылығын дамытуда да ойынның маңызы өте зор. Бұл жерде айта кетер жәйт – сабақ барысындағы ойын. Сабақта өтілген материалдарды бекітуде де ойын элементтерін қолдану, баланың сабаққа қызығушылығын арттырып, оның түсініп, қабылдауын жеңілдетеді. Оған мысал ретінде математика пәнінде қолданған «Дүкенші» ойыны. Бала осы ойын барысында дүкеннен зат сатып алу, сол сатып алған затының кұнын дұрыс төлеуге, қайтарылым ақшасын дұрыс санауға үйренеді.
Қорыта айтқанда, сабақта, бос уақытта болсын баланы үнемі ойынға шақырып, сол арқылы оның танымдық іс- әрекеттерін дамытуға жағдай жасау қажет. Әрі қызықты, әрі тәрбиелік мәні зор ойын түрлерін дұрыс ұйымдастыра білген жағдайда ұстаз да, оқушыда да үлкен жетістіктерге ие болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.51 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |