Баяндама Тақырыбы: «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар-нәтижелі білім берудің көзі» Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бисенова А.Ш.
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Нурханова Жанат Бидакекызы
|
Баяндама
Тақырыбы: «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар-нәтижелі білім берудің көзі»
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бисенова А.Ш.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру стратегиясын ұсынған. Жүзеге асырылуына және осы міндетті шешуге жәрдемдесетін дамудың жеті басым бағыты анықталған. Бұл шешуші басылымдылықтардың бірі осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады.
Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.
Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.
Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыра алады. Оқушы–оқу үрдісінің басты субъектісі, сондықтан баланың дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әр түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді: оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету. Тізбектелген сабактар топтамасындағы әр сабақтарымда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АКТ –ны қолдануды әр сабағымда ескердім. Алғашқы сабағымды Блум таксономиясына негіздей отырып, презентация түрінде өткіздім. Кейінгі сабақтарымда да семантикалық карта толтыру, инсерт, видеоролик қарау, т.б. әдістерін қолдандым.
Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ-қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Алдымен өткізген сауалнама нәтижесі арқылы, өзге адамдармен сөйлесу арқылы сыныпта шығармашылық қабілеті жоғары оқушылардың бар екендігін анықтап, әр сабағымда шығармашылық тапсырмалар беруге тырыстым. Мәселен, 5 жолды өлең, реферат жазу, эссе жазу, туған жер туралы 4 жол өлең құрастыру, т.б. Шығармашылық тапсырмаларды сыныпқа жаппай бере отырып, әр топтан тек қабілетті оқушылар орындап отырды. Бұл дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы да өз жұмысын топтың атынан қорғап, өз тобын алға сүйреуге ұмтылғандары. Бұл жерден ынтымақтастықтың белгісін анық байқауға болады. Оқушылар топқа әр түрлі тренингтер арқылы бөлінген кезде ешқандай қарсылық білдірмей, бірден іске кірісіп кетіп жатты. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды.
7 модулды қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Әріптестерім де менің жаңалығыма қызығушылық танытты. Ал оқушыларым мен ата-аналарым алғыстарын жаудырып жатты. Бұл менің шабытымды шақыра түскендей!
Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.
Осыған байланысты күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның орыс тілі пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.Атап айтсам, орыс әдебиеті пәнінен Н.В.Гогольдің шығармашылығына байланысты қорытынды сабақта интербелсенді тақтадан қай образдың сөзі екенін табуды көрсеттім,сәйкестендіру тестісі арқылы кейіпкерлердің мінезін,іс-қимылдарын сәйкестендірді, ойды қорытындылау үшін қорытынды сұрақтарға кроссворд құрастырылды. Тізбектелген сабақтар топтамасының орыс тілі сабағында 5 сынып бойынша «Лексика» тарауын өткенімізде, электронды оқулық арқылы жаңа сабақты меңгерттім. Және оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды электрондық оқулықтан орындадық.Бұндай тапсырмалар оқушылардың танымдық, зерделік қабілеттерін аша түсетіні сөзсіз.
Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:
- сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру, оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;
- сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;
- мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б.
Егер жаңа ақпараттық технологияны орыс тілі сабағында тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Бұл білім берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары:
-білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара тұлғаға бағытталуы;
-қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру;
-әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту;
-көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау.
Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің маңызды шарттарының ең бастысы ─ оқушы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де іске асар еді. Өйткені қазір мектептерде барлық жұмысты бірыңғай ұлттық тестілеуге даярлап, жоғары сапа көрсетуді бірінші кезекке қойған кезең екендігі жасырын емес
. АКТ-ны сабақта қолданудың тиімділігі:
- уақытты үнемдейді;
- оқушының жан-жақты білім алуына септігін тигізеді;
- білімін кешенді әрі үнемі тексеріп бақылауға мүмкіндік береді;
АКТ қолдану тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының да көптеген қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді.Атап айтқанда:
- оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады;
- әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық қабілетін дамытады;
- логикалық ойлау қабілетін дамытады;
- жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады;
- қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді.
Қазіргі таңда барлық интерактивті тақта кеңінен қолданылып жүр және ол оқытудың тиімділігін арттыруға септігін тигізіп отыр.
Оның мүмкіндіктері төмендегідей:
1. сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмектеседі;
2. дайындалған материалды қайта-қайта қарауға мүмкіндік береді;
3. оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында әңгімелерін әрлеуге көмектеседі;
4. дамыта оқыту тапсырмаларын жасау мүмкіндігі мол;
5. интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;
6. бейне сапасын сақтауда және қызықты фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту мүмкіндігіне ие.
Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.Жаңа ақпараттық технологияларда электрондық тесттерді қолдану оқудың тиімділігін көтереді,сонымен қатар оқушының бірден-бір өздігінен жұмыс істеу құралы болып табылады.Тестік формадағы тапсырмалар қысқа сұрақтардан тұруы тиіс.Техникалық құралдар арқылы тестті тез әрі нақты және үнемді орындауға болады.Электрондық тесттерді оқу үрдісінің кез келген кезеңінде қолдануға болады.Электрондық тесттерді «Aktivstudio Professional Edition V3 “бағдарламасындағы « Оценка тест» бағдарламасымен құрастыруға болады. Мұғалім алдын ала дайындалған тест арқылы кез келген уақытта сабақта өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімін тексере алады және оқушы электрондық тесттер арқылы өзін-өзі тексере алады. Мысалы, сабақта оқушыларға мынадай тесттік тапсырмалар беруге болады:
1. Определите вид придаточного предложенияОлжасу Сулейменову, когда я с ним познакомился, было 25 лет.
а) времени в) цели с) причины2. Простое предложение, в котором есть и подлежащее, и сказуемое.
а) обобщенно-личное в) двусоставное с) безличное
3. Укажите безличное предложениеа) Вот и снег. в) Меня знобит. с) Встаю в 7 часов.
4. Укажите ССП с соединительным союзом
а) Солнце светит по-весеннему, но в доме пасмурно.в) Лист бесшумно упадет, или мышь прошмыгнет незаметно.
с) Кругом царил полумрак, и вода в реке совершенно неподвижна.
5. Отметьте союзы при помощи которых придаточное причины присоединяется к главной части.а) когда, пока, как только в) если, когда, раз с)потому что, от того что, так как
6. Значение ССП.
Прозвучал звонок, и пассажиры стали занимать свои места.а) последовательность событий в) чередование явлении с) одновременность событий
Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Сондықтан ақпараттық технологияларды сабақта үнемі және жүйелі қолдану оқушылардың пәнге қызығуларын оятып, сабақтың сапасын арттыруға кеңінен жол ашады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1..Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет
2.Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет.
3.А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.
5.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектеп
Баяндама
Тақырыбы: «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар-нәтижелі білім берудің көзі»
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бисенова А.Ш.
2014-2015 оқу жылы
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 57 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |