Баяндама. Тақырыбы: Нашақорлықтың зияны.

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Әлемді жайлаған есірткі дерті – нашаркорлық адамзат баласын түгел алаңдатып отыр. Осы бір катерлі дерт жылжып елімізге де жетті.

  Есірткі  грекше наркоз, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру деген мағына береді. Есірткі адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады. Есірті қолдану, яғни нашаркорлық ешқандай еңбексіз, күш- жігер жұмсамай қанағаттану, сәл нәсеге мәз болу. Нашарқорлық – қайғы – қасірет әкеледі. Нашаркорлық есірткі заттарына тәуелділікке байланысты, ағзаның физикалық және психикалық қызметтерінің бұзылуына, аяғы өлімге әкеліп соғатын сырқат. Есірткіден иммундық жүйе зардап шегеді. Соның салдарынан адам ағзасы әр түрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Ішкі тамырға есірткі қолданудың салдарынан психика, жүрек қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауырады, иммунитет төмендейді.

  Жасоспірімдердің нашақорлығы және оларды есірткіден оқшаулау әлемдегі ең өзекті және шешілуі қиын мәселе. Сондықтан әрбір ата – ананың міндеті – есірткіге жағымсыз көзғалыс қалыптастыру ұрпағын салауатты өмір салтына баулу.

  Жасөспірімнің теледидардан көретіні атыс – шабыс, бірін – бірі өлтіру, оның үстіне қасындағы үлкен кісілердің тартқаны темекі, ішкені арақ болса, баладан не күтуге болады?

  Сондықтан да,бала тәрбиесіне, оның бос уақытын кіммен және қалай өткізетіндігіне назар аударып, үнемі бақылап, отыру қажет.

 Алкогольді қолдануға алғашқы ниеттену себепптері темекідегідей. Алкоголизм – адамның қызғанышпен жасыратын ақауның бірі деп есептелінеді. «Шарап адам денсаулығын бұзады, ақыл – ой қабілетін бұзады, жанұя жағдайын және бәрінен бұрын адам жанын, тұқымын бұзады.» деген Л.Н.Толстой. Балаға отбасы мүшелерінің сөзі, мінез – құлқы ғана емес, ондағы коршаған заттар да әсер етеді. Үйде кітап көп болса, отбасы иелері – әкесі мен шешесінің ұстағаны қағаз, қалам, оқығаны кітап болса, баланың да көз ашып көретіні қаншалықты әсер болатыны байқалады. Баланың естігені оқу – ғылым жайлы болса, әке – шешесінің сөзі де, сол болса, ондай баланың болашақта тандап алар жолы да соған сәйкес болмақ, әрине, егер ата – анасы соған оны тарта білсе. Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін оның дамуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екенін әрбір ата – ана білуге міндетті. «Сіздің балаңыз қалай өмір сүреді, неге қызығады, нені сүйеді, нені қажет етеді, ең алдымен, сіз осыны білуіңіз керек. Осының бәріне сіз әрқашан өз блаңызды жастайынан баулуыныз керек.» деп А.Макаренко бекерден – бекер айтқан емес. Балаға керегі тек тамақ пен киім емес, балаға ең қажеті – сүйіспеншілік, мейірімділік, еркелік, мейірімділік, еркелік. Ал балаға отбасындағы мейірімділік жетіспесе, ол кейін қылмыс жолына түсуі мүмкін. Отбасында болатын мәскүнемдік, ұрыс-керіс, неке бұзушылық сияқты теріс әрекеттердің болуы тікелей әке мен анаға байланысты. Бұны корген отбасындағы бала өз үйінен жиіркеніп, түрлі жолдарға салынып кетуі мүмкін.

  Сіздерге жаднама түсіндіріп жіберейін:

 

-         Өз балаңызың есірткі қалбылдану жол бермеймін деген ұстанымға берік болыңыз.

-         Егер балаңыздың анда – санда спиртик ішімдік ішіп тұратын байқасаңыз, көрмегендей, еш нәрсе болмағандай болып жүрмеңіз, жағдайды тереңірек зерттеңіз.

-         Әңгіме барысында қарсылық білдіруне дайын болыңыз.

-         Әңгіме тек бір жақты ақыл айтумен шектелмеуі керек, керісінше, екі жақ әңгімеге араласқаны абзал.

-         Балаңыздың өзіне емес, тәртібіне қарсы тұрыңыз. Оны жақсы көретініңзді қайта – қайта іспен дәлелдеп отырыңыз.

-         Балаңыздың осы әңгімеден нәтиже шығармай, одан әрі спирттік ішімдікке салынып, есірткі, темекі қолданып бара жатқанын байқасаңыз, бұдан былайғы мамандармен кездесіп, жұмыс істеу жоспарын жасаңыз.

Балаңыз неше жаста болса да, сіз онымен зиянды заттар туралы сөйлесуіңіз қажет. Сіз ата – анасыз. Сіз өз балаңызды сүйесіз және оған бақыт пен жақсылық тілейсіз. Сіз балаңызды зиян келтіретін нәрсенің бәрінен қорғауға әзірсіз. Олай болса, оны зиянды әдеттерден де сақтандырыңыз. Сіздің балаңыз есейген сайын ешкімге де тәуелді болмай, өзін – өзі күте алатын болады.

  Болашағымыздың жарқын, еліміздін берекелі болуы үшін баршамыз ат салысып, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайық.         

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.56 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 165

Похожие материалы