Баяндама "Заманауи білім беру - жарқын болашақ" (4 сынып)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

           Заманауи білім беру - жарқын болашақ                                                                 

 

Тәуелсіз мемлекетімізде білім және ғылымның  дамуы үшін дүние жүзі білім кеңістігіне ену - бүгінгі күннің басты міндеті. Мұғалімдер қауымы жаңашылдыққа талпынып,  озық тәжірибе мен жаңа стратегияларды орынды пайдаланып, өзінде бар білім мен тәжірибесін оқушы игілігі үшін пайдалану да  бүгінгі күннің басты міндеті.  

«Ұстаз-үйрену барысында ғана ұстаз»  дегендей, қазіргі ақпарат тасқыны күннен-күнге қарыштаған заманда өмір  ағымынан қалмас үшін, оқушы талабын, қажеттілігін қанағаттандыру үшін  оқушымен қатар мұғалім де көп ізденуі керек.

Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, «мұғалім-ұйымдастырушы, бағыттаушы», ал «оқушы-ізденуші, белсенді» субьектіге айналуы тиіс. Оқушылардың көпшілігіне мұғалімнің басқаруымен ұйымдастырылған дәстүрлі сабақ барысы ұнамайды, себебі онда оқушы қызығушылықтары, пікірлері ескерілмей жатады және оларға еркіндік берілмейді. Сондай-ақ,  көп жағдайда мұғалімнің қояр сұрағына да берілер жауап белгілі бір  шеңберде, нақты жауабы бар, яғни оқушы қиялы жетілмей, бара-бара тоқырауға ұшырауы мүмкін. Мұғалімдер  көбінесе  осындай оқушының ойлау қабілетін шектейтін «жабық сұрақтар» қояды. «Жабық сұрақтарға» қарағанда нақты жауабы жоқ,  бірнеше ықтимал жауаптары болатын  «ашық сұрақтардың»  тиімділігі жоғары. Онда оқушылар жауаптары алуан түрлі болады және соған қарап олардың когнитивті дамуы, ойлауы қай деңгейде екенін білуге болады.

Қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген құзіретті тұлға қалыптастыру бүгіннен, яғни біздің әр күнгі беретін сабағымыздан басталады.  Оқушыны мектеп қабырғасынан тыс өмірге бейімдеу үшін оларды күнделікті өзін-өзі реттеуге, өз білімін өз бетімен алуды ұйымдастыруға, өзін және өзгелерді бағалай білуге, қиын мәселелерді шешуде ұтымды жолды таңдай білуге, мәселеге сыни тұрғыдан қарап, баға беруге үйретуіміз керек.  Әрине мұның бәрін өз сабақтарымызда біртіндеп жүзеге асыруға тиістіміз. Ең бірінші оқушыны өз пәнімізге қызықтыру керек. Ал оқушы қай жағдайда оқуға қызығады?  Адам әрқашанда өзі бітірген істен ләззат алады. Оқушы да өзі белсене қатысқан білім алу ісіне және белгілі бір нәтижеге жеткен сайын ұстазы оны ынталандырып, мадақтап, қолдау білдіріп  отырса, одан да зор құлшыныспен кіріседі. Адамға сенім білдіру арқылы мүмкін болмастай көрінген жетістіктерге жетелеуге болады.    

Ерте заманнан «мектеп» бала қуанышының орны деген ұғымды білдіріп, латын тілінен «уақыт өткізу» деп аударылғаны баршамызға белгілі.

Я.А.Коменский: «Латын тілінде «лудус» деп аталған, яғни  «ойын»; ол тән мен ақылды жеңіл және жағымды түрде жаттықтыруға арналған, шаршатпайтын, қинамайтын арнайы ғылыми білімдерге арналған тыныш бекет сияқты», - деп атап көрсеткен.

Олай болса, қазіргі сабақ оқушының жас ерекшелігі мен қызығушылығын ескере отырып, ойын түрінде құрылуы тиіс. Сондай-ақ, қазіргі сабақ - шетелдік педагогикалық технологияларды қазақстандық технологиямен ұштастырған заман ағымына сай болуы керек. Қазіргі сабақты алдымызда отырған оқушыларымыздың жас ерекшелігін, олардың қызығушылықтарын ескеріп, олармен санасып, пікірлесіп отырып құруымыз керек. Мұғалім мен оқушы арасында екіжақты сенім, ынтымақ тастық, мақсатқа ұмтылыс  болғанда, әр сабағымыз оңтайлы ұйымдастырылған  диалогта өтер болса,  ұстаздың да, оқушының да   нәтижеге жетеріне сенімім мол. 

Қазіргі заман талабына сай  «әдебиет» пәнін оқыту да жаңа тақырыптарды оқушылардың өздеріне меңгере алатындай билік  беру,  ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады.

Әдебиет сабағында оқушының тілін дамытуға арналған жұмыс түрлеріне көбірек көңіл бөлінеді. Бұдан күтілетін нәтиже: оқушылар бойында коммуникативтік және әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешу құзіреттіліктері мен бірте-бірте оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.

Бағдарламадағы жеті  модуль идеясын оқығаннан кейін қысқа мерзім жоспарын құрмас бұрын әріптестермен кеңесуді және мақсат пен күтілетін нәтижені Блум таксономиясына сүйеніп құруды дағдыға айналдырдым.. Өзім не айтамын деп емес, оқушыға жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруі үшін қандай тапсырма беремін деп жоспарлайтын болдым.

Осы негіздерге сүйене отырып құрған әдебиет пәні бойынша 4 сыныпқа  арналған қысқа мерзім жоспар үлгілері:              

Сыныбы:      4

Күні: 09. 10 .2014

Сабақтың тақырыбы

Б.Тоғысбайұлы

Ақан сері

Мақсаты

 

 

Ақан серінің өмірі мен шығармашылығымен таныса отырып, Отан сүйгіштік қасиеттерін дамыту

Күтілетін нәтижелер

 

 

А. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын біледі және түсінгенін айта алады

В. Сері адамның ерекшелігін айқындайды.

С. Қазіргі заманның серілері туралы пікірлерін айтады.

Керекті жабдықтар

«Әдебиеттік оқу» оқулығы, ғаламтор, интербелсенді тақта, суреттер, флипчарт, маркерлер және үнтаспа .

Мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырма:

2,3,4,5,6,7 тапсырмалар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңі

Уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

5

 

 

 

Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру; оқушылармен амандасу,түгелдеу.

 Топтасттыыру техникасы бойынша серіге серік болған «Тұлпар. Бүрікіт.Тазы» деп топтастыру.

Мұғалім амандасады кезекші жоқ оқушыларды айтады, оқу құралдарын дайындайды.

«Тұлпар.Бүрікіт.Тазы» топтарына бөлініп отырады

Тұсау

кесер

 

 

10

 

 

 

 «Шынжыр» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

«Бұл кім? деп сұрамаңыз» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.

«Шынжыр» әдісімен үй тапсырмасын айтады..Оқушылар автордың портретін көре отырып  5 сұрақ жазады.Әр топтан бір оқушы сұрақтарын оқиды

 

Негізгі бөлім

 

20

Зерттеушілік әңгіме. Жаңа тақырыпты өздігінен оқып түсіну, үшін жеке оқушыға уақыт беру.

Топпен зерттеушілік әңгіме жүргізіп,  кейін әр топқа флипчарт таратып, әр топ постер құрастыру.

Постер қорғау.

Бағалау критерийлері арқылы  екі жұлдыз, бір ұсыныс береді

Постерді бағалау критерийлерін тарату.

А мазмұны

Тақырып мазмұны ашылмады

 

Тақырып мазмұны ашылда

 

Тақырып мазмұны толық ашылды тағы да

қосуға болады

 

В Безендірілуі

Бояуы қанық емес, сурет салмаған т.с.с.

 

Әсемделген, бірақ

 

Жақсы  әсемделген, сурет, символ, белгілер

 қолданылған

 

С Баяндау

Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды

 

Ойды жеткізе білді, бірақ әдеби тіл жетпеді

 немесе  ой қайталана берді, қыстырма сөз

көп қолданылды.

 

Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді,

 өз пікірін пайымдады т.с.с

 

Д Шығармашылық

Тақырыпты  өзге қырынан аша білді

 

Жаңашылдық, идея болды, идея қосты

 

Ақан серінің «Балқадиша» әнін екі түрлі орындауда үнтаспадан тыңдату.

Оқушылар топтарда мәтіннің мазмұнына қарай ойларын біріктіріп постер құрады.

Құрып болғаннан кейін басқа топтардың алдында  қорғайды.

Басқа топтар екі жұлдыз, бір ұсыныс айтады.

Бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі, өзара бағалау жүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Балқадиша» әнін Ақан серінің орындауында және «Жігіттер»квартетінің орындауында тыңдайды.

Қоры

тынды бөлім

10

«Стикердегі диалог» әдісімен  сабақты қорытындылау.

1.     Ақанның әкесі кім?

2.     Әкесі Ақанның кім болғанын қалады?

3.     Бірақ Ақан неге әуес болды?

4.     Ағайындары дарын иесіне не сыйлады?

5.     Қараторғай атты бүркіті қандай күй кешті?

6.     Қараторғай әнінің пайда болуы

7.     Құлагерге жасалған қастандық

І топ: «Кейіпкерге хат жазу»

ІІ топ: «Балқадиша әнін салыстыру»

ІІІ топ: «Қазіргі заманның сері «еркін жазу»

«3:2:1» әдісімен кері байланыс жасайды.

Үйге тапсырма беріледі.

1.    

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 55.31 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 121

Похожие материалы