«Бақытты балалық» атты тәрбие сағатының сценарийі

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

«Бақытты балалық» атты тәрбие сағатының сценарийі

Мақсаты:

  • -оқушылардың «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • -адам өміріндегі қуанышты сәттер, істеген игі істерден рахаттану, барды қанағат тұту және жалпы адам бақыты туралы әңгімелесу;
  • -бақытты болуға, өмірдің әр сәтін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, «Бақытты балалық шақ» әнін тыңдауды ұсынады. Шаттық шеңбері балаларды белсенді, ынталы, қуанышты көңіл күйге бастап, терең ризашыл сезімге бөлейді. Әнді айтқанда бақыт нұрын көріп, сезіп тұрғандай назды әуенге қосылып, билеу де артық емес. Ән біткеннен соң мұғалім:

-Балалар, бақыт дегенді қалай түсінеміз?

-«Мен үшін бақыт...» деп оқушылар кезек-кезек бақыт жайлы өз түсініктерін бір сөзбен айтып шығады.

Мұғалім:

-Өте жақсы, ендеше, мен үшін бақыт, сендермен өткен әрбір қызықты сабағым.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.96 Mb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 150

Похожие материалы