Бақытым да байлығым денсаулығым (3сынып)
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Другие методич. материалы |
| Автор: |
Ибраева Гульназ Жумабаевна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
1.Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау; 2. Оқушылардың жаман әдеттен бойларын аулақ ұстау, аурудың алдын – алу , санитарлық гигиеналық талаптарды орындау дағдысын дамыту. 3.Жеке бас тазалығын сақтауға , күн тәртібін дұрыс пйдалана білуге, спортпен айналысуға, таза ауада серуендеуге,табиғатқа қамқор болуға, еңбек етуге тәрбиелеу.
Барысы: Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап алайық.
Қызығушылықты ояту.
-Балалар бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын ,сіздер сиқырлы сандықшаны ашып көрулеріңіз керек.Сандықшаның ішінде адамның ең қымбат байлығы бар..(Сандықша ішінен «Білім»сөзі шығады)
-Неліктен « Байлыққа жету жолы білімде» дейді екен?
..(Сандықша ішінен «Денсаулық»сөзі шығады)
Білімге еңбек арқылы қол жеткізетін болсақ,жан саулығы,денсаулық болмаса еңбектену қиынға соғады,білімді де жете меңгере алмайсың.Ендеше адам үшін басты байлық-не?
-Денсаулық,
. Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Бақытым да, байлығым -денсаулығым» .Бүгінгі тәрбие сағатымыз денсаулық жөнінде болмақ.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 30,7 КБ |
| Количество скачиваний: | 17 |