Белсенді оқыту әдістерін мектеп физика курсында қолдану

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мектеп физика курсында белсенді оқыту әдістерін қолдану



Оқушыларға «Заманауи әлемде» елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны. Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет. Неміс философы Г.Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам» деп өз дәрісінде атап өткен болатын. Сондықтанда, оқу – тәрбие үрдісінде белсенді әдістерді қолдану жеке тұлға белсенділігін арттыруда, өзін – өзі дамытуда ролі зор. Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

"Оқытудағы белсенді әдістер" термині 1960 жылдардың соңында пайда болды. "Жаңа дегеннің өзі-жақсы ұмытылған ескі" дегендей-ақ, белсенді оқыту әдістерін тіпті ерте грек оқымыстылары (Сократ б.э.д. 399-469) басқарылатын диалог ретінде қолданған екен. Онда тыңдаушылар пікірталасқа тартылып, тек қана проблеманы шешіп қоймай, оған кажетті білімді игеруге тырысқан екен. Ал, қазіргі күндегі белсенді оқыту әдістерінің негізінде топтық пікірталас орын алады.Белсенді оқыту әдістерінің философиялық негізі болып біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет табылады, ол өз кезегінде оқыту мүмкін болатын жоғары тиімділігіне қол жеткізу шарты Бұл дегеніміз, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекеті оқыту әдістерінің философиялық критериі ретінде болады деген сөз немесе басқаша айтқанда, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетті қалыптастыру мүмкін болғанда белсенді оқыту әдістері жайлы айтуға болады. Бұл әдістердің ең қарапайым түрі: имитациялық жаттығулар. Олар шартты-белгілілік формалар арқылы беріледі. Ұйымдастырушы - техникалық күрделілігіне қарай белсенді оқыту әдістерінің келесі түрі - нақты жағдайларды талдау. Бұның көп тараған түрлерінің бірі - топтық пікірталас болып табылады. Топтық пікірталастың модификациясы болып "ми шабуылы" табылады. "Топтық пікірталас" термині батыс европалық философиялық әдебиеттерде, ал "ми шабуылы" термині - ағылшын-американ философиялық әдебиеттеріңде қалыптасып, бекіді.Бүкіл осы жоғарыда айтылғандар (топтық пікірталас, ситуациялық-рөлдік ойындар т.б.) кешені қолданылған жағдайда нақты практикалық, кәсіби қарым-қатынас дағдыларына үйретуге арналған оқыту әдістері әлеуметтік-философиялық тренингтер деп аталады.Және тағы іскерлік ойындары бар. Іскерлік ойындары дегеніміз - шындықтағы практикалық және теориялық міндеттерді шешудегі біртұтас логикалы жүйеге біріккен оқытудың түрліше формалары мен әдістерінің тұтас, оқытып-білім беруші кешені.

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 371.01 Kb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 194

Похожие материалы