Беймбет Майлин

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы:Бейімбет Майлин (1894-1938)

Сабақтың мақсаты: 1. қазақ халқының ұлы ақыны Б. Майлинның өмірі мен шығармашылық жолы туралы оқушыларға қысқаша түсінік беру.

Жылдамдық оқу дағдысын, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру. Ақынға, тілге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ету.

Көрнекіліктер: ақын портреті, шығармалары, қосымша материалдар, тірек сызба.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, баяндау.

I Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме!

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Қаңтардың қай күні?

II Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың мақсат-міндетін түсіндіру.

III Жаңа тақырып. Кіріспе.

Ұлттық әдебиетіміздің классигі Б. Майлин әдебиет жанрларының қалыптасуы мен дамуына үлкенүлес қосты. Оның қаламынан екі жүз елуге жуық өлең, жүзден артық прозалық және драмалық шығармалар, опералық либреттолар туды. Б. Майлин - әңгіме жанрының, фельетон өлеңдердің хас шебері.

  1. Ақын туралы оқулықта берілген мәтінді түсініп оқу.
  2. Сөздік жұмысын жүргізу:

Хас шебер

Табиғилық

өмір шындығы

нақты суреттейді

қаламгер

Сөздермен лексикакалық жұмыс орындау.

3. Жұппен жұмыс: берілген мәтінді пайдаланып, тірек сызба жасау, баяндап беру.

1894 жылы Қостанай облысының Троицк Уәзифа медресе,

Таран ауданында туған Қостанай орыс-қазақ мектебі

Уфа Ғалия медреседе оқыған

Бейімбет Майлин

Мұғалім болды сатирик

Жазушы

Шығармалары

Өлеңдер: “ Мырқымбай”, “Кедейдің кейістігі”, “Қазақ туралы”

Повесі: “Шұғаның белгісі”

Поэмалар: “Кемпірдің ертегісі”, “Маржан”

IV Бекіту .“Ой-тапқыр оқушы” оқыта үйрету ойынын ойнау.

Ойын шарты: 2 оқушы жүргізуші болып сайланады. Оқушылар мәтінді (Бейімбет өмірбаяның) бір рет жылдам және мұхият оқып шығады. Ойынның бірінші кезеңінде белгілі бір уақыт аралығында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңіске жетеді! Ойынның екінші кезеңінде оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Жауап қысқа нұсқада болуы керек. Қай оқушы көп сұрақтарды қойды, сол “Ой-тапқыр оқушы” анықталады.

V Қорытынды. Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.

VI Үй жұмысы. “Бейімбет не Майлин” сөздеріне негіздеп сөзжұмбақ құру

VII Бағалау

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 11 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 135

Похожие материалы