Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Предмет:
ИЗО, МХК
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Хайрова Заругул Зинетуллиевна
Здесь была ссылка на работу Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. автора Хайрова Заругул Зинетуллиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сурет салуды сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге баулиды. Өнер қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер тартады. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу және әрбір шәкіртті тұлға деп санау, оның жан-жақты дамуына мүмкіншілік жасау болып отыр. Бейнелеу өнері пәнінен қолданылатын, оқушылардың теориялық білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары 1. Көптеген түстердің арасынан үш негізгі түс қана анықталады, ол қандай түстер? а/ ақ, қара, қоңыр ә/ қызыл, көк, сары б/ қызыл, жасыл, көк в/ сары, жасыл, қызыл 2. «Шопан қызы» атты суретті кім жазды? а/ Чуйков ә/ Қастеев б/ Кенбаев 3. Негізгі тәсілі бір түсті сурет пен сызық болатын бейнелеу өнерінің түрі қалай аталады? а/ мүсін ә/ сәулет өнері б/ графика в/ кескіндеме 4. Бейнелеу өнері қандай жанрларға бөлінеді? 5. Ренессанс дәуіріне жататын атақты Италия суретшісі Леонардо да Винчидің туындысы қалай аталады? а/ Венера ә/ Моно Лиза б/ Сикстинская мадонна в/ Нефертити г/ Джоконда ғ/ Святая Анна 6. Допты салу үшін қандай әдіс қолданамыз? А/ жарық-көлеңке ә/ горизонт сызығы б/ рефлекс в/ ритм 7. Осы кескіндердің ішінде екі түс бірін бірі толықтырып күшейтеді (контраст), олар қандай түстер а/ қызыл, жасыл ә/ сары, қоңыр б/ көк, сия көк 8. Осы берілген бояулардың қайсысы сумен араласпайды? а/ акварель ә/ май бояу б/ гуашь 9. Өнер шеберлігінің ең жоғары жетістігі қалай айтылады? а/премия ә/маринистика б/шедевр в/капитель 10. Барокко бейнелеу өнерінің... (ойды аяқтау) а/жанры ә/түрі б/тәсілі в/ағымы 11. Натюрморт жанр испатында туған елі қай ел? а/Голландия ә/Египет б/Италия 12. Осы оюлардың ішінде қайсысы зооморфтық болып табылады? 13. Осы атақты адамдардың қайсысы суретші болды? а/Әуезов ә/Телжанов б/Айманов в/Байсеитова 14. Берілген қазақ оюы екі түстен құралған. Осы түстер ұалай аталады? а/гармониялық ә/қосымша б/ахроматикалық 15. Жануарларды бейнелейтін жанр қайсы? а/маринистика ә/анималистика б/тұрмыстық 16. Түрлі түсті тастан немесе әйнектен құрастырылған сурет а/гротаж ә/мозаика б/витраж 17. Атақты орыс суретшісі Айвазовский қандай жанр түрімен айналысқан? а/анималистика ә/пейзаж б/портрет в/маринистика 18. Шұғыла өрнегі қайсыған жатады? а/космогониялық ә/зооморфтық б/өсімдік әлеміне в/геометриялық 19. Геометриялық ою-өрнек қайсы? а/шынжара ә/төртқұлақ б/шиыршық в/сүйір 20. Бір түспен боялған натюрморт а/монотипия ә/алла прима б/гризайль 21. «Турксиб» суретін жазған суретші а/Телжанов ә/Қастеев б/Дүзелханов в/Романов Оқушылардың сызу пәнінен алған білімдерін бекітуге арналған тесттер 1. А 4 пішімдегі қағаз өлшемдерін көрсет а/210*297; ә/420*594; б/297*420 2. А 2 пішімдегі қағаз өлшемдерін көрсет а/297*420; ә/420*594; б/594*841 3. өлшемдері 297*420 мм пішімнің шартты белгісін көрсет а/А 3; ә/А 1; б/А 2 4. Сызбадағы көрінетін контурларды қандай сызықпен көрсетеміз? а/тұтас жіңішке; ә/ұзілме; б/тұтас жуан 5. Сызбадағы көрінбейтін сызықтарды қалай көрсетеміз? а/жіңішке үзілмелі коснүктелі; ә/жіңішке нүктелі үзілме; б/үзілме 6. Шығару және өлшем сызықтарын қандай сызықтармен көрсетеміз? а/жіңішке үзілмелі нүктелі; ә/жуан тұтас; б/жіңішке тұтас 7. Ось сызығын қандай сызықпен көрсетеміз? а/жіңішке үзілмелі нүктелі; ә/жіңішке тұтас; б/үзілме 8. Пішімнің қай жерінде негізгі жазу жазылады? а/астынғы сол жағында; ә/үстінгі сол жағында; б/астынғы оң жағында 9. Нақты масштабты көрсет а/М1:2 ә/М1:1 б/М2:1 10. М2,5:1 қандай масштабты көрсетеді? а/ үлкейту; ә/кішірейту; б/нақты 11. Жазықтыққа 90*жасайтын проекцияны қалай атаймыз? а/центрлік; ә/қиғаш бұрышты; б/тік бұрышты 12. Кетедегі сызбалардың қайсысында пластина көрсетілген? 13. Кестедегі конустың сызбасын анықтаңдар 14. Кестеде шардың сызбасы қай әріппен белгіленген? 15. Кестеден пирамиданы көрсет 16. Кестеде цилиндр кескіні қай әріппен белгіленген