Бүгінгі бала-ертеңгі ел болашағы

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Қазақсан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруіне білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отырғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан да білім мен тәрбиені бөліп қарай алмаймыз. Өйткені мектеп үшін «білім мен тәрбие  –егіз» -деп күн тәртібінде қаралып отыратын өзекті мәселенің бірі емес пе?!  Олай болса, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздар қауымына қарасты, мақсатымен міндетіне  ұстаз жауапты екенін біз ешуақытта қатерімізден шығармақ емеспіз...                                   Қазақстан Республикасының  « Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика  жетістіктері білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілікпен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру даралықты дамыту үшін  жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» десе, Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім беру Тұжырымдамасында «Білім беру құндылықтары мен  мақсаттары, бір жағынан, жалпықазақстандық тілді  ұлттық –тарихи және этикалық  дәстүрлерді, екінші жағынан, өскелең ұрпақтың  ой-өрісінің дамуына қарай бағдарланған сындық және этикалық өлшемдерге  енетін жалпы мәдениетті ескере отырып, анықталады» деп  атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.   
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 35.33 Kb
Количество скачиваний: 51
Просмотров: 132

Похожие материалы