Биология пәнінен 6 – сыныптарға арналған тест жұмыстары
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Абиханова Светлана Катиханкызы
|
Биология пәнінен 6 – сыныптарға арналған тест жұмыстары
Ұлғайтқыш құралдар .
Өсімдік жасушасының құрылысы.
1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі
2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:
а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.
3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі
4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:
а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа
5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:
а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив
6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше
7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:
а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
8. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:
а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма
9. Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:
а)цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
10.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:
а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль
11. Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:
а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 172 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |