БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Предмет:
Иностранные языки
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Жаксылыкова Нуркул Алмахановна
Здесь была ссылка на работу БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ автора Жаксылыкова Нуркул Алмахановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласындағы жиырма тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты,бұл кездейсоқтық емес - адами капиталдың сапасы әр адамның білімділігі және кәсіби шеберлігі деңгейімен тікелей байланысты ( 1 ). Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей,кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты.Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады.Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт. Білім беруді дамытудың стратегиясы бірқатар басты мүмкіншіліктердің пайда болуына әкелді, осы қатардағы ең бастысы білім беру сапасын арттыру. Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу басты мақсат болып табылатындығы көрсетілді. Оған дәлел ретінде біздің республикамыздың мектептері халықаралық зерттеулерге қатысатындығын айтуға болады. Осы шаралардың арқасында біз оқушылардың жетістіктері мен білімдерін салыстыра аламыз.