"Білімді тиянақтау." ашық сабағы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Математика

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Мақсаты

1.Ұзындық масса және уақыт бірліктерін, екі және үш таңбалы сандарды баған түрінде қосып, азайтуды, күрделі теңдеулерді шешуді, үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршылардың периметрлерін табуды еске түсіру, қайталау, білімдерін тиянақтау.

3.Тазалыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және ұлттық тәрбие беру.

2.Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, байқағыштықтарын, жылдамдықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Көрнекілігі: «Қош келдіңіздер!», «Сау болыңыздар», деп жазылған плакат, ауылдың суреті бейнеленген плакат, атаның, әженің, қыздың суреттері, асықтар.

Пайдаланған педтехнология: ұжымждық оқыту технологиясы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

№5 199-бет

(680-50) – 630=0(970-670)+80=380

(970-300)-20=650(440-380)+90=150

(880-800)+70=150(300+670)-70=900

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз жай сабақ емес, саяхат сабағы. Бүгін біз нағашыларымыздың ауылына саяхатқа барамыз.

- Нағашы деп біз кімді айтамыз?

- Ия, дұрыс айтасыңдар, нағашы деп аналарымыздың туыстарын айтамыз

- Ауылға немен барамыз?

- Ал, ендеше жол ұзақ, ауылға жеткенше ұзындық, масса, уақыт бірліктерін еске түсірейік.

1 – топ. Ұзындық бірліктерін

2 – топ. Масса бірліктерін

3 – топ. Уақыт бірліктерін жазып шығыңдар

- Ауылға жеттік. Ауылда бізді атамыз, әжеміз және нағашы әпкеміз қарсы алды. Үйге кірдік. Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонаққа дастархан жайып, барлық дәмді тағамдарын қояды. Нағашы әпкемізге дастархан жасауға қыздарымыз көмектесіп жіберсін.

Қыздардың тапсырмасы:

Екі таңбалы санға, екі таңбалы санды қосып, азайтуға есептер шығару.

24+35=59 39+31=70 97-79=18

95-63=32 88-19=69 26+62=88

Дастарханнан дәм татып, балалар енді асық ойнауға шықты. Балалар қоржыннан асық алып, асықтағы тапсырмаларды орындайды.

Балалардың тапсырмасы:

136+242=387 73+163=901 697+187=884

873-631=242 654-321=333 963-369=594

- Балалар, нағашы аталарың жиендерінің келу құрметіне «Бәйге» ойынын ұйымдастырыпты. Ал, ендеше «Бәйге» ойынын ойнайық.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.52 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 124

Похожие материалы