Блум таксаномиясы бойынша ақылдың алты қалпағына слайд

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

І Қазіргі заман оқушыларына ХХ ғасыр жасөспірімдерітуралы білу керек пе? («Ақылдың алты қалпағы» бойынша талдау)

ІІ. Жұмыстың мақсаты: Оқушыларға өткен ғасырдың жасөспірімдерітуралы мәлімет алуға, жасөспірімдердің қиындықтары мен жетістіктерін талдауға, маңызын түсінуге үйрету.
ІІІ. Талдау нәтижесі: Оқушылар тақырыпты "Ойлаудың алты қалпағы" әдісі арқылыжан - жақты талдауға, бағалауға тырысты.
IV. Ресурстар: Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»романы, Ғаламтордан мәліметтер, ақ қағаздар, маркерлер, түрлі түсті қалпақтар

V. Сабақ кезеңдері:
Ұйымдастыру. Оқушыларды белгілі тәртіппен алты топқа бөлу. "Ақ қалпақ", "Қызыл қалпақ", "Қара қалпақ", "Жасыл қалпақ", "Сары қалпақ" және "Көк қалпақ" топтарына бөлінеді.
Қызығушылығын ояту.

* Оқушыларға тапсырмалар берілгеннен, топтасып дайындалуға 10 - 12мин уақыт берілді. Әр топ өзіне берілген тапсырмаға орай өзара ақылдасып, топтық жұмыс жасайды.
Топтық қорғау.
Топтар дайындалып болғасын, топтар өз жұмыстарын қорғауға көшті.
*"Ақ қалпақ" тобы 9-15 жас аралығындағы шағы. Өтпелі кезеңге олар қоршаған ортаға өз көзқарасын білдіру арқылы өтпелі түседі. Бұл кезде жасөспірімдер әсерге берілгіштікке салынады. Қимыл қозғалысқа құштар келеді. Өзін білімге салады. Ер жетем деп ойлау кейде жаңсақ кейде теріс қылықтарға соқтыруы мүмкін.

1941-1945 жылдары олар майданға 5829 мың тонна астық, 734мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Тылда қалған бала-шаға тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты.

ХХ ғасыр балалары туралы мынадай шығармаларды біле міз:

*Б.Соқпақбаев “Менің атым Қожа” *О.Бөкей “Тортай мінген Ақбозат” *С.Мұратбеков “Жусан исі” *Ғ.Мүсірепов “Жаңа достар” *


"Қызыл қалпақ" тобы

ХХ ғасырда балаларқоғамдағы ауыртпалықтарды жеңе білді. Өмірге құштар болды. Қожаға жанашыр қыз.

Қазіргі жасөспірімдердің мүмкіндіктерін айта отырып,шахматтан жетістікке жеткен Жансая Абдумалик. , т.б. , өмірде қиын жағдайға ұшыраған достарына өздерікөмектесуі, дұрыс жол көрсетілсе қайратымен қиындықтарды жеңе алатындықтары туралы айтып өтеді.

"Қара қалпақ" тобы

ХХ ғасырдың жасөспірімдеріндетехника болған жоқ, ауыр жұмыстарға жегілді. Балалар еңбегі пайдаланылды.Ынталандырып, мадақтапмардымсыз жалақыға көптеген жұмыстар жасалды. Балалардың сезімдері, сағыныштары, күйзелістері ашылып айтылмады. Тек қана еңбек насихатталды. Қыз балалар да трактор айдауға тырыса берді, дәстүрлі тәрбиеден ауытқыды.

«Менің атым Қожа»повесінде Қожа темекі шекті, ұрлық жасады өзінен жасы үлкен Сұлтанға еліктеді. Себебі, оған жетімдігі, анасына қырындаған бригадир әрекеті, Жантастың жолдама алуы әсер етті.

ХХІғасыр жасөспірімдерініңкелеңсіз жайларға жиі тап болу себептері: ата-аналарының оларға дұрыс көңіл бөле алмауы, тек материялдық жағынан қамтамасыз етіп, сырласудан бас тартатындықтары, тыйым салынған фильмдер мен ақпараттарды шексіз қолдануы, еліктеушілік салдары, жақын адамын жоғалтудан туындайтын күйзелістерден шыға алмауы.Жасөспірімдердің мінезі тұрақсыз келгендіктен, сенгіш келеді, жел сөздерге еріп, әр түрлі әрекеттер жасайды. Жасөспірім көбінесе өліммен қорқытып, өзінің қарсыласын бағындыру мақсатында және бұл әрекетті ең дұрыс тәсіл деп түсінеді, қайғылы жағдайларға ұшырайды.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.21 Mb
Количество скачиваний: 103
Просмотров: 322

Похожие материалы