«Біз қазақша сөйлейміз.»
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Омарова Меруерт Ермухаметовна
|
"Описание материала:
Тақырыбы: «Біз қазақша сөйлейміз.»
Бағдарламаның мақсаты: Білімділік: оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін тексеру, бекіту.
Дамытушылық: өзге ұлт балаларына қазақтың салт-дәстүрін таныту,Отанға деген Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, адал достыққа, бауырластыққа баулу.
Тәрбиелік:оқушылардың ой-өрісінің көк жиегін кеңейтіп, тіл байлығын, өзін-өзі басқаруын қалыптастыру, сөзін жүйелі, анық,мәдениетті айта білуге, топ алдында сөйлеуге дағдыландыру, мемлекеттік тілдің жан-жақты дамуына өзіндік үлесін қосуға ықпал ету.
Көрнекіліктер: Еліміздің туы, елтаңбасы,әнұраны,жалаулары,нақыл сөздер, түрлі буклеттер,Қазақстан картасы, суреттер. Әнұран орындалады. Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-ші жүргізуші: -Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!Сіздерді шығармашылық «Біз қазақша сөйлейміз» атты алғашқы бағдарламаны тамашалауға шақырамыз.
2-ші жүргізуші:ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауына «ҚР-ның мемлекеттік тілі», «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» деген болатын.Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту-баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып саналады.
1-ші жүргізуші:-Сол себепті, мақсатымыз өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілін оқып-үйренуін, сүйіспеншілігін қалыптастыру, ой белсенділігі мен таным,ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу, насихаттау, дамыту.
2-ші жүргізуші: -Олай болса, бағдарламамызды бастайық.
Тілдің бәрі қымбат маған, Әр ұлт тілі сыр сақтаған.
Бәрінен де сен артықсың, Қазақ тілім,жыр баптаған!
Тілім барда мақтанамын, Әнімді айтып шаттанамын.
Сол тілімнің құдіреті Таптатпаған жатқа бағын!
1-жүргізуші: Қазақ тілі, Ол-менің ана тілім, Байсалды баба тілім, Сол байлықтан аз емес алатыным,-дей отырып, оқушылар, өткен сабақтарға байланысты алған білімдеріңізді дамыту үшін бірнеше сұрақтар қоюға рұқсат етіңіздер. Ендеше сәттілік тілейміз. «Бәйге»
1. Қазақстанның әнұранының сөзін және әнін кімдер жазған?(Ш.Қалдаяқов,Ш.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)
2. Қазақстан қандай мемлекет?(тәуелсіз,егеменді,мемлекет)
3. Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген?(қанатты ат, шаңырақ,жұлдыз, «Қазақстан»деген жазу бар.)
4. Қазақстан жалауында не бейнеленген?(алтын күн мен дала қыраны бейнеленген).
5. Қазақстанның әнұраны нені мадақтайды?(достықты, татулықты жырлайды.)
6. Еліміздің ұзақ жылғыдаму бағдарламасын айтшы?(Қазақстан-2030)
7. Қазақстан неше елмен шектеседі?(5 елмен)
8. Қазақстанның елордасы? Астана
9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? түркі тілдер
10. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? 42
2-жүргізуші: «Бәйге» жарысынан мүдірмей өттіңіздер,көп рахмет! «Жыр парағы»
1-жүргізуші: -Өсірем мен де жырыммен Өлеңшіл халық өнерін,-деп,көркем сөз оқуға кезек берелік.Кәне, бастайық (оқу- шылар айтылған тақырыптар бойынша бірнеше өлеңдер оқиды). Бәрекелді, көп рахмет!
2-жүргізуші: -Ұстазым менің,ұстазым, Өзіңмен өткен қыс,жазым,-деген жолдары есіме түсіп отыр,неге дейсіз ғой, жақында ұстаздар кні өтіледі. Ендеше, барша ұстарымызға шығармашылық,жемісті, табысты еңбек тілей отырып, Мұғалім,ғазиз мұғалім- Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұстаздар күні бәріңе Арналған сазды бұл әнім!-деп ән жолдайық. «Ән арнау» Хор. «Ұстаздар» әні «Сөздің көркі-мақал»
1-жүргізуші:-Мақал-мәтелдепоэзиядағы ырғақ,үйлесім, үндестік,ой өткірлігі бар. Дегенмен де,білетін,жаттаған мақал-мәтелдеріңіз болса,еске түсерелік.Кім суырылып бастайды екен?Ал, кәнеки: *Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. *Тілі байдың-ойы бай. *Өнер алды –қызыл тіл. *Шебердің қолы –ортақ, шешенніңтілі-ортақ. *Бес тіл білген бес елді білгенмен тең.
«Полиглот»
2-жүргізуші:Ауызша сөздік жұмысыда жүргізіледі. Мен сендергеқазақшасөз айтамын,сендер маған аудармасын мүдірмей, тез жауап берулеріңіз керек. жалау-флаг,күн-солнце, қыран-орел,елтаңба-герб, әнұран-гимн, халық-народ,астана-столица,атамекен-земля предков, өз елінде-в своей стране, тәуелсіздік-независимый, отансүйгіштік-патриотизм, намыс-честь,қорғаны-защитник,Отан-родина
1-жүргізуші: Қазақ тілі борандатқан дауыл күй, Қазақ тілі-өлең,жыр мен ән мен күй. Байқасаңдар қазақ тілі осындай, Аққансудай,ескен желдей табиғи.
2-жүргізуші:-О...шіркін қазақтыңнақыл.шешен сөздерді жанға жайлы,жүрекке жылы тиеді емеспе?!Қазақ халқының ұлы ақыны –Абай атамыз «шешеннің тілі-шебердің бізі»-деген емес пе еді.1
1-шіжүргізуші:-Иә,Надя, «Тілі төрдегі елдің-туыөрде» дегендей, тіліміздің мәртебесін үнемі жоғары көтерейік.Қазақ тілі асқақтап,өркендеп,қанатынжая берсін,ағайын.
2-жүргізуші:Қымбатты оқушылар,ұстаздар тіл мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!
1-жүргізуші: -Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 15.84 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |